Хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен асхана сауда-технологиялық жабдығы мен кір жуу жабдығына техникалық қызмет көрсету бойынша жұмысты сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарландырады (Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді беру күні мен уақыты: 2018 жылғы «16» қаңтар сағат 09:00 бастап 2018 жылғы «23» қаңтар , 10сағат 30мин. дейін)
1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, 050010, Алматы қ., Қонаев көш., 181: электронды мекенжайы – ugz@cma-nbrk.kz
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181: тел: 259-91-44, электронды мекенжайы – ugz@cma-nbrk.kz
баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен асхана сауда-технологиялық жабдығы мен кір жуу жабдығына техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды сатып алуды өткізу туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуларға қатысуға шақырады.
2. Жұмыс атауы және қысқаша сипаттамасы
Лот № | Жұмыс атауы | Жұмыс сипаттамасы | Өлшем бірлігі | Саны | ҚҚС есептемегенде сатып алуға бөлінген жалпы сома, теңге | Жұмысты орындау орны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Асхана сауда-технологиялық жабдығы мен кір жуу жабдығына техникалық қызмет көрсету | Шарт талаптарына сәйкес қосалқы материалдарды, қосалқы бөлшектерді ауыстыра отырып жабдық жұмысындағы апаттық бұзушылықтар мен істен шыққандарды жою
Жабдық атауы : Қуыратын шкаф – 1дана Вентиляция шатыры – 1 дана Мұздатқыш камера – 1 дана Электр еттартқыш – 2 дана Ыдыс жуатын машина – 1 дана Сүртіп тазартатын машина (көкөніс кескіш) – 1 дана Электр плита – 2 дана Тоңазытқыш шкаф – 1 дана Тұрмыстық тоңазытқыш – 1 дана Электр таба – 1 дана Кір жуу машинасы 7кг. – 1дана Кір жуу машинасы 5кг. – 1 дана Үтік – 1 дана Бу генераторы бар үтік – 1 дана Кірлерге арналған кептіргіш машина – 1 дана Асхана сауда-технологиялық жабдығы мен кір жуу жабдығына тоқсан сайынғы техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстар тізбесі Шарт жобасының 2-Қосымшасына сәйкес |
жұмыс | 1 | 144 257,40 | Алматы қ., Бәрібаев көш., 55 |
Жұмыс сатып алуға бекітілген жалпы сома – ҚҚС сомасын есептемегенде – 144 257,40 (жүз қырық төрт мың екі жүз елу жеті) теңге 40 тиын.
3. Жұмысты орындау орны – Алматы қ., Бәрібаев, 55.
4. Талап етілетін Қызмет көрсету мерзімі Шарт талаптарына сәйкес.
5. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді беру күні мен уақыты: 2018 жылғы «16» қаңтар сағат 09:00 бастап 2018 жылғы «23» қаңтар , 10сағат 30мин. дейін
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2018ж. «23» қаңтар сағат 11:00.
Әлеуетті жеткізушілер баға ұсыныстарды ұсыну жері – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, 050010, Алматы қ., Қонаев көш., 181, №204 кабинет.
7. Жұмыс үшін талап етілетін ақы төлеу жағдайлары Шарт талаптарына сәйкес.
8. Маңызды талаптары мен техникалық сипаттамасы көрсетілген сатып алу туралы шарт жобасы қоса жіберіледі.
1) Әр әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтерді құрайтын, тек бір баға ұсынысын бере алады:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжат) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• көрсететін Жұмыс атауы, сипаттамасы және саны;
• Жұмысты орындау орны мен мерзімі;
• Жұмыс бірлігі үшін бағасы және жалпы бағасы Жұмысты көрсетуге байланысты шығындарды қосқанда.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын беруге қатысу үшін жұмыстарды сатып алу атауы.
Баға ұсынысты поштамен жіберген сәтте, конверттің бетінде: «2018 жылғы «23» қаңтар 11 сағат 00 минутқа дейін ашпау керек» деген қосымша белгі болу керек.
Баға ұсыныстарды әлеуетті жеткізушілер немесе уәкілетті өкілдер қолма-қол ұсыну кезінде әлеуетті жеткізушілерде немесе уәкілетті өкілдерінде өзінде жеке басын куәландыратын куәліктің көшірмесі бар баға ұсынысын ұсынуға құқығын беретін әлеуетті жеткізушінің мүддесін қорғайтын тұлғаларда сенімхат болу керек.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттеледі:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылғаны туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.