Акционерлік қоғам туралы

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы №2 қаулысымен құрылған. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қоғамның құрылтайшысы болып табылады. Алматы қаласы Әділет департаменті ҚҚО-ның мемлекеттік тіркеуін жүргізген. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы 2011 жылғы 4 наурыздағы № 108640-1910-АК куәлік.

Қоғамның міндеттері мен атқаратын қызметтері

Қоғамның міндеті – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен оның ұйымдары қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтерді орындауына қолайлы еңбек жағдайын жасау.
Мақсаты – тиісінше қызмет көрсету арқылы Ұлттық Банк қажеттілігін барынша қанағаттандыру.
Қоғам қызметіне Ұлттық Банкке мынадай қызмет түрлерін көрсету кіреді:
– инженерлік және коммуникациялық жүйелерге қызмет көрсету бойынша қызметтер;  автокөліктік қызметтер;
– автокөлік паркіндегілерге техникалық қызмет көрсету;
– электрмен-, жылумен-, суменжабдықтауды ұйымдастыру қызметтері;
– Ұлттық Банк үйлеріне іргелес аумақты тиісті жай-күйде ұстау бойынша қызметтер;
– Ұлттық Банк үшін мемлекеттік сатып алуды өткізу.

saot-lent