1112_5«Көктем» пайдалану учаскесі «ҚРҰБ ҚҚО» АҚ өндірістік-пайдалану басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. «Көктем» ПУ: Көктем – 3 ы/а, 21-үй мекенжайында, «ҚРҰБ» ММ орталық аппаратының әкімшілік ғимаратында орналасқан.
«Көктем» пайдалану учаскесіне жүктелген негізгі міндеттер мыналар:
    Ұлттық Банктің «Көктем-3» ықшамауданындағы ғимараттары мен үйлерінің үздіксіз жұмысы мен сенімді пайдаланылуын қамтамасыз ету, үй-жайлар мен үйлерді, іргелес аумақтарды, кіре беріс жолдарды тиісті санитарлық жағдайда ұстау, ғимараттар мен аумақтағы жасыл өскіндерге тиісті күтім жасауды жүзеге асыру;
    паркинг, спорт залдың функционалдық жұмыстарын қамтамасыз ету және оларды тиісті санитарлық жағдайда ұстау;
    инженерлік жүйелерді, құрал-жабдықтарды жарамды күйде ұстау, сондай-ақ Ұлттық Банк әкімшілік үйін жылу және электр қуатымен, суменжабдықталуын және кәрізбен қамтамасыз ету;
    Ұлттық Банктің ресми іс-шараларын өткізу үшін дайындық жүргізу және үй-жайларын безендіру;
Сондай-ақ «Көктем» п/у мынадай ұйымдарға қызмет көрсетеді:
1. «ҚР ҰБ ҚБЕО» РМК;
2. «Қазақстан Халық Жинақтаушы Банкі» АҚ ЕАБ;
3. «Дент-Комфорт» ЖШС;
4. ҚР Халықаралық валюта қорының тұрақты өкілдігі;
5. «Депозиттерге кепілдік беру Қазақстан қоры» АҚ (сервер);
6. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (сервер);
7. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (банкоматтар);
8. «Қазкоммерцбанк» АҚ (банкомат);
9. «ҚРҰБ Банкнот фабрикасы» РМК (сервер);
10. ЖК «Нургалимова»