Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен «Қоршаған ортаны қорғау» (Сүйінбай, 98 А) («Қоршаған ортаға тиетін әсерді бағалау» (ҚОӘБ) жобасын әзірлеу бойынша қызметін сатып алуды өткізу туралы хабарландыру (Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді беру күні мен уақыты: «28» қазан 2015ж. сағат 09:00-ден бастап «04» қараша 2015ж. сағат 09:30-ға дейін)
Сатып алу туралы хабарландыру
Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, электронды мекенжайы – [email protected]
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98;
тел.: 259-91-44, электронды мекенжайы – [email protected]
баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен «Қоршаған ортаны қорғау» (Сүйінбай, 98 А) («Қоршаған ортаға тиетін әсерді бағалау» (ҚОӘБ) жобасын әзірлеу бойынша қызметін сатып алуды өткізу туралы хабарландырады.
Сатып алуға бекітілген жалпы сома – ҚҚС сомасын есептемегенде 395 000,00 (Үш жүз тоқсан бес мың) теңге 00 тиын, оның ішінде:
Р/с лот № | Атауы | Қосымша ақпарат | Өлш. бірл. | Саны | ҚҚС есептемегендегі Қызметтердің жалпы құны, (теңге) | Құжаттарды беру орны |
№1 лот | «Қоршаған ортаны қорғау» (Сүйінбай, 98 А) («Қоршаған ортаға тиетін әсерді бағалау» (ҚОӘБ) жобасын әзірлеу | Алматы қаласы, Сүйінбай даңғылы 89 мекенжайында орналасқан «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ әкімшілік ғимараты үшін «Қоршаған ортаны қорғау» (Сүйінбай, 98 А) («Қоршаған ортаға тиетін әсерді бағалау» (ҚОӘБ) жобасын әзірлеу. Жеткізуші осы Қызметті ұсынуға құқығы бар екендігін растайтын құжатты, аккредиттелінген, аттестатталған лаборатория құжаттарын беруге міндетті. Жеткізуші Жобаны өз күшімен және құралдарымен әзірлеуге және мемлекеттік қадағалау органымен келісуге, бұдан кейін екіжақты Қабылдау-өткізу актісі бойынша мемлекеттік қадағалау органымен келісілген жобаны Тапсырыс берушіге беруге міндеттеледі. Жобаны әзірлеу кезінде шығарылу көздеріне құрал-саймандық өлшем жүргізуге және осы алаңды қарап тексеруі керек. | Қызмет | 1 | 395 000,00 | (Алматы қ., Панфилов көш.,98) |
Шарт талаптарына сәйкес қызметті көрсету мерзімі және ақы төлеу талабы.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын жеткізетін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, №401 кабинет.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді беру күні мен уақыты:
«28» қазан 2015ж. сағат 09:00-ден бастап «04» қараша 2015ж. сағат 09:30-ға дейін.
Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты:
«04» қараша 2015ж. сағат 10:00-де.
Сатып алу туралы шарт жобасы және қосымша ақпарат қоса жіберіледі.
1) Әр әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтерді құрауы керек тек бір баға ұсынсын береді:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжатының) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• ұсынылатын қызмет атауы;
• көрсетілетін қызмет орны мен мерзімі;
• ҚҚС сомасын есептемегендегі бірлігі үшін бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын беруге қатысу үшін тауарлар, жұмыстар, қызметтерді сатып алу атауы.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттеледі:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.