Сатып алуды ұйымдастырушы, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы сатып алу басқармасы арқылы, Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ., Алмалы ауданы, Панфилов көш., 98, e-mail: [email protected] 2017 жылға қызметкерлер өмірін сақтандыру бойынша қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлайды.
Конкурстық құжаттаманы 11 сағат 00 минутты қоса алғанда 2017 жылғы «13» ақпанға дейінгі мерзімде cma-nbrk.kz электронды мекенжайы бойынша тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) ғаламтор-ресурсынан алуға болады.
Сақтандыру аумағы және сақтандыру арқылы қорғаудың қолданылатын уақыты – Шарт талаптарына сәйкес (сатып алынатын қызметтердің толық тізбесі, олардың саны мен егжей-тегжейлі ерекше нұсқамасы конкурстық құжаттамада көрсетілген).
Қызметті көрсетудің талап етілетін мерзімі – Шарт күшіне енген күннен бастап және Тараптар ол бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін.
Конвертке салынып бекітілген конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті жеткізушілер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы Сатып алу басқармасына мына мекенжай бойынша: 050000, Алматы қ., Алмалы ауданы, Панфилов көш. 98, № 401 бөлмесіне береді (жібереді).
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі 2017 жылғы «14» ақпан 10 сағат 00 минутқа дейін.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер 2017 жылғы «14» ақпан 11 сағат 00 минутта мына мекенжай бойынша: 050000, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Панфилов көш. 98, № 401 бөлмеде ашылады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 (727) 258 88 21.
Конкурстық комиссия хатшысы Бабаков Виктор Сергеевич, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы сатып алу басқармасының бас маманы, байланыс телефоны: 8 727 258 88 21, e-mail: [email protected]
Получить документацию Разъяснения №1 Разъяснения №2 Протокол вскрытия Протокол допуска