1112_6«Орталық» пайдалану учаскесі «ҚРҰБ ҚҚО» АҚ өндірістік-пайдалану басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. «Орталық» П/У: Панфилов көшесі, 98 мекенжайында, ҚРҰБ ММ Алматы қалалық филиалының әкімшілік ғимаратында орналасқан.

«ОРТАЛЫҚ» пайдалану учаскесіне жүктелген негізгі міндеттер мыналар:

  • АҚФ әкімшілік үйінің, оған іргелес аумақтардың және кіре беріс жолдардың үздіксіз жұмысы мен сенімді пайдаланылуын қамтамасыз ету, жасыл өскіндерге күтім жасауды жүзеге асыру;
  • инженерлік жүйелерді, құрал-жабдықтарды жарамды күйде ұстау, сондай-ақ Ұлттық Банк АҚФ әкімшілік ғимаратын және Бәрібаев к-сі, 55 бойынша орналасқан «Ақмарал» балабақшасының ғимаратын жылу және электр қуатымен, суменжабдықталуын және кәрізбен қамтамасыз ету.

Сондай-ақ жасалған шарттарға сәйкес «ОРТАЛЫҚ» п/у мынадай ұйымдарға қызмет көрсетеді:

1. ҚРҰБ Алматы қалалық филиалы;
2. “Қазақстан Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы” АҚ;
3. “Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы” РМК (мұрағат);
4. Қазақстан Ұлттық Банкі (мұрағат).