№26 «Ақмарал» балабақшасы ҚРҰБ ведомостволық мектепке дейінгі мекемесі және Қоғам бөлімшесі болып табылады.Балабақша 1936 жылы желтоқсанда ашылды. Қазіргі уақытта балабақша орналасқан ғимарат 1978 жылы салынған. Балабақша ғимараты Барибаев көшесі. 55 мекенжайында орналасқан.

Балабақша үй-жайы мен аумағы ҚР мемстандарты талаптарына сай. 11000 шаршы метрлік аумағы периметр бойынша қоршалған, топтар аумағын оңашалау ескерілген. Ойын алаңқайлары шағын архитектуралық формалармен жабдықталған (күркелі орындықтар, сырғанақ төбешіктер және т.б. ). Ғимараттың жалпы алаңы 649 шаршы метр. Үй-жайда ойнауға, балалардың сабақ оқуына, демалуына арналған жеткілікті орын бар. Барлық жас топтарының жеке ұйықтайтын бөлмелері, ойын бөлмелері бар.

Жоба бойынша мектеп жасына дейінгі 120 балаға есептелінген. 3-жастан 7-жасқа дейінгі 120 баланы тәрбиелеп, білім беретін 5 жас ерекшелігімен топтасқан топтар жұмыс істейді.

Балабақшада әртүрлі шараларды өткізуге арналған:

музыка залы, екі денешынықтыру-жаттықтыру залы, компьютер кабинеті, қазақ тілі кабинеті, психолог кабинеті, жабдықталған спорт алаңқайы, балаларды тамақтандыруға арналған асхана бар.