«Алмалы» пайдалану учаскесі орталық филиал «ҚРҰБ ҚҚО» АҚ өндірістік-пайдалану басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. «Алмалы» ПУ: Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан.
«Алмалы» пайдалану учаскесіне жүктелген негізгі міндеттер мыналар:
 мына мекенжай бойынша Әйтеке Би к-сі  67, орналасқан әкімшілік ғимараттарды оған іргелес аумақтардың және кіре беріс жолдардың үздіксіз жұмысы мен сенімді пайдаланылуын қамтамасыз ету, жасыл өскіндерге күтім жасауды жүзеге асыру;
 инженерлік жүйелерді, құрал-жабдықтарды жарамды күйде ұстау, сондай-ақ әкімшілік ғимараттарды жылу және электр қуатымен, суменжабдықталуын және кәрізбен қамтамасыз ету.

Сондай-ақ «Алмалы» п/у мынадай ұйымдарға қызмет көрсетеді:

1112_21. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы тұрақты өкілдігі;
2. «Қазақстан қор биржасы» АҚ;
3. Ислам Даму Банкінің өңірлік өкілдігі;
4. Қазақстан Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы АҚ;
5. ҚР Халықаралық валюта қорының тұрақты өкілдігі;
6. ЖК «Мухамеджанова Ш.А.».