1112_5«Көктем» пайдалану учаскесі орталық филиал «ҚРҰБ ҚҚО» АҚ өндірістік-пайдалану басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. «Көктем» ПУ: Көктем – 3 ы/а, 21-үй мекенжайында, «ҚРҰБ» ММ орталық аппаратының әкімшілік ғимаратында орналасқан.
«Көктем» пайдалану учаскесіне жүктелген негізгі міндеттер мыналар:
    Ұлттық Банктің «Көктем-3» ықшамауданындағы ғимараттары мен үйлерінің үздіксіз жұмысы мен сенімді пайдаланылуын қамтамасыз ету, үй-жайлар мен үйлерді, іргелес аумақтарды, кіре беріс жолдарды тиісті санитарлық жағдайда ұстау, ғимараттар мен аумақтағы жасыл өскіндерге тиісті күтім жасауды жүзеге асыру;
    паркинг, спорт залдың функционалдық жұмыстарын қамтамасыз ету және оларды тиісті санитарлық жағдайда ұстау;
    инженерлік жүйелерді, құрал-жабдықтарды жарамды күйде ұстау, сондай-ақ Ұлттық Банк әкімшілік үйін жылу және электр қуатымен, суменжабдықталуын және кәрізбен қамтамасыз ету;
    Ұлттық Банктің ресми іс-шараларын өткізу үшін дайындық жүргізу және үй-жайларын безендіру;
Сондай-ақ «Көктем» п/у мынадай ұйымдарға қызмет көрсетеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі;
2. “Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы” РМК;
3. “Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы” АҚ;
4. “Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры” АҚ;
5. “Қазақстан Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы” АҚ;
6. “Мемлекеттік кредиттік бюро” АҚ;
7. “Қазақстанның орнықтылық қоры” АҚ;
8. “Parmigiano Express” ЖШС;
9. “Нургалимова” ЖК;