Сатып алуды ұйымдастырушы, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы сатып алу басқармасы арқылы, Қазақстан Республикасы, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Медеу ауданы, Қонаев көш., 181; e-mail: [email protected] 2018 жылға «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамының жылумен, суықпен қамтамасыз ету құрал-жабдығына техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерді сатып алу бойынша конкурсты өткізу туралы хабарлайды.
Конкурстық құжаттаманы 11 сағат 00 минутты қоса алғанда 2018 жылғы «13» ақпан дейінгі мерзімде cma-nbrk.kz электронды мекенжайы бойынша тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) ғаламтор-ресурсынан алуға болады.
Қызметтер мына лоттар бойынша көрсетіледі:
№ 1 лот «Мына мекенжай бойынша жылумен, суықпен қамтамасыз ету құрал-жабдығына техникалық қызмет көрсету: Алматы қаласы, 3-Көктем ш/а, 21-үй»;
№ 2 лот «Мына мекенжай бойынша жылумен, суықпен қамтамасыз ету құрал-жабдығына техникалық қызмет көрсету: Алматы қаласы, Сәтпаев көшесі, 30а-үй/3»;
№ 3 лот «Мына мекенжай бойынша жылумен, суықпен қамтамасыз ету құрал-жабдығына техникалық қызмет көрсету: Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67-үй»;
№ 4 лот «Мына мекенжай бойынша жылумен, суықпен қамтамасыз ету құрал-жабдығына техникалық қызмет көрсету: Алматы қаласы, Достық көшесі, 136-үй».
Сатып алынатын қызметтердің толық тізбесі, олардың саны мен егжей-тегжейлі ерекше нұсқамасы конкурстық құжаттамада көрсетілген.
Қызметті көрсетудің талап етілетін мерзімі – Шарт күшіне енген күннен бастап және (қоса алғанда) 2018 жылғы 31 желтоқсан аралығы.
Конвертке салынып бекітілген конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті жеткізушілер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы Сатып алу басқармасына мына мекенжай бойынша: A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Медеу ауданы, Қонаев көш. 181, № 204 бөлмесіне береді (жібереді).
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі 2018 жылғы «14» ақпан 10 сағат 00 минутқа дейін.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер 2018 жылғы «14» ақпан 11 сағат 00 минутта мына мекенжай бойынша: A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Медеу ауданы, Қонаев көш., 181, № 100 бөлмеде ашылады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 (727) 259 91 81.
Конкурстық комиссия хатшысы Молышев Талгат Максатович, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы сатып алу басқармасының бас маманы, байланыс телефоны: 8 727 259 91 81, e-mail: [email protected]
Получить документацию Протокол вскрытия Протокол предварительного допуска Протокол допуска