«Ақмарал» балабақшасы «ҚРҰБ қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамының бөлімшесі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ведомстволық мектепке дейінгі мекемесі болып табылады.
2014 жылы маусымда № 26 «Ақмарал» балабақшасы Алматы қаласы білім беру саласын бақылау жөніндегі Департамент жүргізген міндетті аттестациядан өтті.
«Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Білім мен ғылым саласындағы бақылау жөніндегі комитетіің Алматы қаласы білім саласындағы бақылау жөніндегі департаменті» республикалық-мемлекеттік мекемесінің 16.06.2014 жылғы №210 бұйрығына сәйкес № 26 «Ақмарал» балабақшасының міндетті білім стандарттарына сәйкестігін растау және 5 жылдық аттестациялау мерзімі туралы шешім қабылданды.
Бұл «Ақмарал» балабақшасының қызметі мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік стандарттары талаптарына толық сәйкесетіндігін білдіреді.
«Ақмарал» балабақшасындағы тәрбие-білім беру процестері мектепке дейінгі білім беру мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде жасалған бағдарламалар мен оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асып жатқанын атап айтуымыз керек.
Балабақша мамандары тиісті педагогикалық білімдері бар, өз қызметтері барысында өздерін жоғары білікті, адал және бастамашыл қызметкер ретінде көрсете алған, осы салада үлкен жұмыс өтілдері бар мамандар. Балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту, қарау, күту және сауықтыруға байланысты қызметтерді балабақша қызметкерлері аса жоғары жауапкершілікпен тиісті деңгейде орындайды.
«Ақмарал» балабақшасында баланың тұлғалық үйлесімді дамуы үшін, оның мүдделерін және жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтармен тарту негізінде қабілеттерін дамыту үшін барлық жағдайлар жасалған.