Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі РММ үшін конкурсты ұйымдастырушы болып табылатын «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Алмалы ауданы, Панфилов көш., 98, е-mail: [email protected], 2016 жылға А-4 форматты қағазды сатып алу жөнінде конкурстың өтетіндігін хабарлайды.
Тауар мына мекенжайға жеткізіледі: Алматы қ., «3-Көктем» ш/а., 21-үй.
Сатып алынатын тауарлардың толық тізімі, олардың саны мен нақты ерекше нұсқамалары конкурстық құжаттамада көрсетілген.
Тауар жеткізудің талап етілген мерзімі Шарт талаптарына сәйкес.
Конкурсқа конкурстық құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін барлық әлеуетті жеткізушілер жіберіледі.
Конкурстық құжаттама көшірмелерінің бумасын қоса алғанда 2016 жылғы «15» ақпанда 16 сағат 00 минутқа дейінгі мерзімде сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсындағы cma-nbrk.kz электронды мекенжайдан алуға болады.
Конкурстық құжаттаманың көшірмесінің бумасы тегін ұсынылады.
Конвертке салынып бекітілген конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді әлеуетті жеткізушілер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы мына мекенжай бойынша Алматы қ., Алмалы ауданы, Панфилов көш. 98, № 401 бөлмесіне береді (жібереді).
Конкурсқа қатысу өтінімдерін берудің соңғы мерзімі 2016 жылғы «16» ақпанда 15 сағат 00 минутқа дейін.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер 2016 жылғы «16» ақпан 16 сағат 00 минутта мына мекенжай бойынша Алматы қ., Алмалы ауданы, Панфилов көш. 98, № 209 бөлмеде ашылады.
Қосымша ақпараттар мен анықтаманы мына телефоннан алуға болады: 8 727 258 88 21.
Сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі: Бабаков Виктор, «ҚРҰБ ҚҚО» АҚ сатып алу басқармасының бас маманы, байланыс телефоны: 8 727 258 88 21, e-mail: [email protected]