1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, электронды мекенжайы – [email protected] .
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, тел.: 259-94-12, электронды мекенжайы – [email protected] .
хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен Аlcаtel-Lucent жүйесіне ТҚ бойынша қызметтерді сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады
2. Қызмет атауы және қысқаша сипаттамасы:
Лот № |
Қызмет атауы |
Қызметтің қысқаша сипаттамасы |
Өлшем бірлігі |
Саны |
ҚҚС есептеме-гендегі бірлігі үшін бағасы, теңгемен |
ҚҚС есептемегендегі сатып алуға бөлінген жалпы сома, теңгемен |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
Аlcаtel-Lucent жүйесіне ТҚ |
Alcatel-Lucent Omni PCX Office басқару-өндірістік автоматты телефон бекетіне (БӨАТБ) техникалық қызмет көрсету және қолдау көрсету. Оның құрамдас бөліктерінің іркілістері үшін және дұрыс жұмыс істемеуіне бағдарламалық қамтамасыз етуді тексеру, Тапсырыс берушінің қалауы бойынша байланыс жүйесінің бағдарламалық қондырмаларын түзету; Жүйенің қызмет ету мәселелері бойынша кеңес беру қызметтерін көрсету; Жүйе жұмысында анықталған ескертпелерді жою, Жүйені кішігірім жөндеу (Тараптардың келісімі бойынша); қатардан шыққан жағдайда, платаларды, терминалдарды, қосалқы бөлшектер мен шығыс материалдарын ауыстыру және/немесе жөндеу (прайс-параққа сәйкес); Alcatel-Lucent OmniPCX Office. |
қызмет |
1 |
172 000,00 |
172 000,00 |
Қызметті сатып алуға бөлінген жалпы сома – ҚҚС сомасын есептемегенде 172 000, 00 (бір жүз жетпіс екі мың) теңге 00 тиын.
3. Қызмет көрсететін орын: Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 24.
4. Қызмет көрсетудің талап етілетін мерзімі Шарт талаптарына сәйкес.
5. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді берген күні мен уақыты: 2017 жылғы «18» қаңтар сағат 09:00-ден бастап 2017 жылғы «25» қаңтар, сағат 10:00-ге дейін.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2017 жылғы «25» қаңтар, сағат 11:00-де.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беретін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, №401 кабинет.
7. Қызмет үшін ақы төлеудің талап етілетін тәртібі Шарт талаптарына сәйкес.
8. Сатып алу туралы шарт жобасы маңызды талаптарымен және техникалық ерекше нұсқамасымен қоса беріледі.
1) Әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтер мен құжаттардан тұратын әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) бекітілген тек бір баға ұсынысын бере алады:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжат) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• көрсетілетін Қызметі атауы, сипаттамасы мен саны;
• Қызмет көрсету орны мен мерзімі;
• Қызмет көрсетуге байланысты шығыстары қоса есептелген Қызмет бірлігі үшін бағасы және жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші қатысу үшін баға ұсыныстарын берген Қызметті сатып алу атауы.
Әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын өз қолымен бергенде, әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқына берілген әлеуетті жеткізушінің мүдделерін қорғайтын тұлғаларына жеке басын куәландыратын құжат көшірмесімен сенімхатты беруге тиіс.
• Баға ұсыныстарын пошта арқылы жібергенде, конверттің беткі жағында қосымша ескертпе болуы тиіс: «2017 жылғы 25 қаңтар 11 сағат 00 минутқа дейін ашылмасын».
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттенеді:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.