Ауыз суды конкурс тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі РММ үшін конкурсты ұйымдастырушы болып табылатын «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Алмалы ауданы, Панфилов көш., 98, е-mail: [email protected], 2016 жылға ауыз суды сатып алу жөнінде конкурс тәсілімен сатып алуды өткізетіндігін хабарлайды.
Тауар мына мекенжайға жеткізіледі: Алматы қ., «Көктем-3» ш/а., 21-үй.
Сатып алынатын тауарлардың толық тізімі, олардың саны мен нақты ерекше нұсқамалары конкурстық құжаттамада көрсетілген.
Тауар жеткізудің талап етілген мерзімі Шарт талаптарына сәйкес.
Конкурсқа қатысуға конкурстық құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттама талаптарына жауап бере алатын барлық әлеуетті жеткізушілерге рұқсат етіледі.
Конкурстық құжаттама көшірмелерінің пакеттерін қоса алғанда 2016 жылғы «25» қаңтарда 14 сағат 00 минутқа дейінгі мерзімде сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсындағы электронды мекенжайдан: cma-nbrk.kz алуға болады.
Конкурстық құжаттаманың көшірмелері пакеті тегін беріледі.
Мөр басып желімделген конвертке салынған конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімдерді әлеуетті жеткізушілер Алматы қ., Алмалы ауданы, Панфилов көш., 98, 401-бөлме мекенжайына «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамына береді (жібереді).
Конкурсқа қатысу өтінімдерін берудің соңғы мерзімі 2016 жылғы «26» қаңтарда 12 сағат 00 минутқа дейін.
Конкурсқа қатысу өтінімі бар конверттер мына мекенжайда 2016 жылғы «26» қаңтарда 14 сағат 00 минутта ашылады: Алматы қ., Алмалы ауданы, Панфилов көш., 98, №209-бөлме.
Қосымша ақпараттар мен анықтаманы мына телефоннан алуға болады: 8 727 259 94 12.
Сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі: Омаров Талгат, «ҚРҰБ ҚҚО» АҚ сатып алу басқармасының бас маманы, байланыс телефоны: 8 727 259 94 12, моб. 8 707 740 4555; e-mail: [email protected]
Получить документацию Протокол вскрытия Протокол предварительного допуска Протокол допуска