Автокөлікке арналған қосалқы бөлшектерді конкурс тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру (Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі 2017 жылғы «28» ақпан 10 сағат 00 минутқа дейін)

 Сатып алуды ұйымдастырушы, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы сатып алу басқармасы атынан, Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ., Алмалы ауданы, Панфилов көш., 98, е-mail: [email protected], автокөлікке арналған қосалқы бөлшектерді сатып алу бойынша конкурс өткізетіндігі туралы  хабарлайды.
Конкурстық құжаттамаларды  қоса алғанда  2017 жылғы «27» ақпанда 11 сағат 00 минутқа дейінгі мерзімде тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушы) ғаламтор-ресурсындағы cma-nbrk.kz электронды мекенжайы бойынша алуға болады.
Тауар мына мекенжайларға жеткізіледі: Алматы қаласы, Ермак көшесі., 24 (конкурстық құжаттамада сатып алынатын тауарлардың толық тізбесі, олардың саны мен егжей-тегжейлі ерекше нұсқамасы  көрсетілген).
Тауар жеткізудің талап етілген мерзімі:  Шарт күшіне енген күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн.
Мөр басып желімделген конвертке салынған конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімдерін әлеуетті жеткізушілер 050000, Алматы қ., Алмалы ауданы, Панфилов көш., 98, 401-бөлме мекенжайына «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы Сатып алу басқармасына береді (жібереді).
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді берудің соңғы мерзімі 2017 жылғы «28» ақпанда 10 сағат 00 минутқа дейін.
Конкурсқа қатысу өтінімі бар конверттер мына мекенжайда: 050000, Алматы қ., Алмалы ауданы, Панфилов көш., 98, 401-бөлмеде 2017 жылғы «28»  ақпанда 11 сағат 00 минутта ашылады.
Қосымша ақпараттар мен анықтаманы мына телефон бойынша алуға болады:  8 727 2599 181.
Конкурстық комиссиясының хатшысы  Молышев Талғат Максатович, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы сатып алу басқармасының бас маманы, байланыс телефоны: 8 727 2599-181., е-mail: [email protected].

Получить документацию Протокол вскрытия Протокол предварительного допуска Протокол допуска

№1-19 лоттар бойынша «Toyota Coaster» автокөлігіне арналған қосалқы бөлшектерді сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы хабарландыру

Comments are closed.