Автокөлікті ерікті сақтандыру бойынша қызметтерді тендер тәсілімен қайта сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру (Тендер қатысуға арналған өтінімдерді берудің соңғы мерзімі 2019 жылғы «22» ақпан 10 сағат 00 минутқа дейін.).

Сатып алуды ұйымдастырушы, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамының сатып алу басқармасы арқылы, A25Y5E8 (050010), Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 181, «ҚР Ұлттық Банкі» РММ-дағы БСН: 110340003611, ЖСК: KZ39125KZT1001305542, БСК: NBRKKZKX, БЕк 16, шот валютасы: KZT, электронды мекенжай – [email protected], тел. 8 727 2599 181, ішкі тел. 3752, автокөлікті ерікті сақтандыру бойынша қызметтерді (бұдан әрі – Қызметтер) тендер тәсілімен қайта сатып алу бойынша тендердің өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Тендер талаптары:
1. Қызметтерді сатып алу атауы, олардың көлемі мен Қызметтерді сатып алуға бөлінген сомасы:

Лот Қызметтер атауы Өлшем бірлігі Саны, көлемі Сатып алуға бөлінген сомасы

(теңге, ҚҚС-сыз)

1 Автокөлікті ерікті сақтандыру Қызмет 1 18 629 000,00

(он сегіз миллион алты жүз жиырма тоғыз мың теңге 00 тиын)

2. Сатып алынатын Қызметтерге техникалық ерекше нұсқама осы Тендер талаптарына 1-қосымшаға сәйкес 7 (жеті) бетте.
3. Маңызды талаптарын көрсете отырып 23 (жиырма үш) беттік сатып алу туралы шарт жобасы Осы Тендер талаптарының 2-қосымшасына сәйкес.
4. Қызметтер көрсетіледі: Шарт талаптарына сәйкес.
5. Қызметтерді көрсетуге талап етілетін мерзім: Шарт талаптарына сәйкес.
Тендер өтінімін беру мен ресімдеу тәртібі Қағиданың 4-параграфында көзделген. Конвертпен бекітілген тендер өтінімдерін әлеуетті жеткізуші немесе оның уәкілетті өкілдері сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе тапсырыс бойынша жасалған пошта байланысымен A25Y5E8 (050010), Алматы қаласы, Медеу ауданы, Қонаев көшесі, 181, № 204 кабинет мекенжайына береді (жібереді).
Қызметті сатып алуға бөлінген соманың 1 (бір) пайызы мөлшеріндегі тендерге қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз ету Қағиданың 10-Қосымшасына сәйкес үлгі нысан бойынша банктік кепілдік немесе мына банктік шотта: «ҚР Ұлттық Банкі» РММ-дағы БСН: 110340003611, ЖСК: KZ39125KZT1001305542, БСК: NBRKKZKX, шот валютасы: KZT орналасқан кепілді ақшалай жарнаны енгізгендігін растайтын төлем құжаты түрінде енгізіледі.
Тендер өтінімдерін қамтамасыз етпейтін барлық тендер өтінімдерін тендер комиссиясы Қағида талаптарына сәйкес келмейтін ретінде қабылдамайды.
6. Тендер өтінімдерін берудің соңғы мерзімі қоса алғанда 2019 жылғы «22» ақпан 10 сағат 00 минутқа дейін.
7. Тендер өтінімдері A25Y5E8 (050010), Алматы қаласы, Медеу ауданы, Қонаев көшесі 181, № 100 кабинет мекенжайында 2019 жылғы «22» ақпан 11 сағат 00 минутта ашылады.
8. Тендер талаптарын түсіндіру қажеттілігі болғанда, әлеуетті жеткізушілер 2019 жылғы «18» ақпан 18 сағат 30 минуттан кешіктірмей жазбаша сұратуымен сатып алуды ұйымдастырушыға жүгінеді.
Әлеуетті жеткізушілер сұратуларын сатып алу ұйымдастырушысының мына деректемелері бойынша жіберу қажет: Қазақстан Республикасы, A25Y5E8 (050010), Алматы қаласы, Медеу ауданы, Қонаев көшесі, 181, Сатып алу басқармасы, 204 каб., электронды мекенжайы – [email protected], тел. 8 (727) 259 91 81.
9. Сатып алуды ұйымдастырушы сұратуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:
тендер талаптарын түсіндіру мәтінін тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) https://cma-nbrk.kz. интернет-ресурсында жариялайды;
сұрату кімнен келіп түскенін көрсетпестен электронды пошта бойынша тендер талаптарына кіру рұқсатын алған әлеуетті жеткізушілерге тендер талаптарын түсіндіру мәтінін жібереді.
10. Сатып алуды ұйымдастырушы 2019 жылғы «19» ақпан 18 сағат 30 минуттан кеш емес мерзімде өзінің бастамасымен немесе әлеуетті жеткізушінің сұратуына жауап ретінде тендер талаптарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.
Тендер талаптарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешімдер қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кеш емес мерзімде тендер талаптарына енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар мәтінін тапсырыс берушінің https://cma-nbrk.kz. интернет-ресурсына орналастырады.
Тендер өтінімдерін берудің соңғы мерзімі кем дегенде 5 (бес) күнтізбелік күнге ұзартылады.
11. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші Қызметті сатып алуды өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде Қағиданың 50 және (немесе) 53-тармақтарында көзделген құжаттарды береді.
Әлеуетті жеткізушінің тендер өтінімі Қағидада көзделген талаптарға сәйкес ресімделуі тиіс.
Қосымша ақпараттарды мына телефон бойынша алуға болады:
тел. 8 727 2599 181, ішкі тел. 3752.
Тендер комиссиясының хатшысы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы сатып алу басқармасының бас маманы – Бабаков Виктор Сергеевич.

____________________________________________________
1 Правила приобретения товаров, работ и услуг Национальным Банком Республики Казахстан, его ведомствами, организациями, входящими в его структуру, и юридическими лицами, пятьдесят и более процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат Национальному Банку Республики Казахстан или находятся в его доверительном управлении, и аффилиированными с ними юридическими лицами, утвержденные Постановлением Правления РГУ «Национальный Банк Республики Казахстан» № 192 от 27.08.2018 г.

Получить документацию Протокол вскрытия Протокол допуска

Comments are closed.