Сатып алуды ұйымдастырушы, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы сатып алу басқармасы атынан, Қазақстан Республикасы, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Медеу ауданы, Қонаев көш., 181, е-mail: [email protected], автокөлікті жөндеу және кепілдік және сервистік техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды сатып алу бойынша конкурс өткізетіндігі туралы хабарлайды.
Конкурстық құжаттамаларды қоса алғанда 2018 жылғы «25» ақпан 11 сағат 00 минутқа дейінгі мерзімде тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушы) ғаламтор-ресурсындағы cma-nbrk.kz электронды мекенжайы бойынша алуға болады.
Жұмыстар мына лоттар бойынша орындалады:
№1 Лот «Автокөлікті жөндеу және кепілдік және сервистік техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстар (Toyota Land Cruiser 200 маркалы автомобиль)»;
№2 Лот «Автокөлікті жөндеу және кепілдік және сервистік техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстар (Mercedes-Benz маркалы автомобиль)».
Жұмыстар мына мекенжайда орындалады: Шарт талаптарына сәйкес (сатып алынатын жұмыстың толық тізбесі, олардың саны мен егжей-тегжейлі ерекше нұсқамасы конкурстық құжаттамада көрсетілген)
Жұмысты орындаудың талап етілген мерзімі – Шарт күшіне енген күннен бастап және Тараптар ол бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін.
Мөр басып желімделген конвертке салынған конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімдерін әлеуетті жеткізушілер A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Медеу ауданы, Қонаев көш., 181, 204-бөлме мекенжайына «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы Сатып алу басқармасына береді (жібереді).
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді берудің соңғы мерзімі 2018 жылғы «26» ақпан 10 сағат 00 минутқа дейін.
Конкурсқа қатысу өтінімі бар конверттер мына мекенжайда: A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Медеу ауданы, Қонаев көш., 181, 100-бөлмеде 2018 жылғы «26» ақпан 11 сағат 00 минутта ашылады.
Қосымша ақпараттар мен анықтаманы мына телефон бойынша алуға болады: 8 (727) 2599181.
Конкурстық комиссиясының хатшысы Молышев Талгат Максатович, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы сатып алу басқармасының бас маманы, байланыс телефоны: 8 727 2599 181., е-mail: [email protected].
Получить документацию Протокол вскрытия Протокол предварительного допуска Протокол допуска