Автомобиль көліктерін жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды конкурс тәсілімен қайта сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру (Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі 2018 жылғы «9» сәуір 10 сағат 00 минутқа дейін)

Сатып алуды ұйымдастырушы, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы сатып алу басқармасы арқылы, Қазақстан Республикасы, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Медеу ауданы, Қонаев көш., 181, e-mail: [email protected] автомобиль көліктерін жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды сатып алу жөніндегі қайта конкурсты өткізу туралы хабарлайды.
Конкурстық құжаттаманы 11 сағат 00 минутты қоса алғанда 2018 жылғы «8» сәуір дейінгі мерзімде cma-nbrk.kz электронды мекенжайы бойынша тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) ғаламтор-ресурсынан алуға болады.
Жұмыс мына мекенжайда орындалады: Шарт талаптарына сәйкес (сатып алынатын жұмыстың толық тізбесі, олардың саны мен егжей-тегжейлі ерекше нұсқамасы конкурстық құжаттамада көрсетілген).
Жұмысты орындаудың талап етілетін мерзімі – Шарт  күшіне енген күннен бастап және Тараптар ол бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін.
Конвертке салынып бекітілген конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті жеткізушілер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы Сатып алу басқармасына мына мекенжай бойынша: A25Y5E8 (050010), Алматы қаласы, Медеу ауданы, Қонаев көш. 181, № 204 бөлмесіне береді (жібереді).
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі 2018 жылғы «9» сәуір  10 сағат 00 минутқа дейін.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер 2018 жылғы «9» сәуір 11 сағат 00 минутта мына мекенжай бойынша: A25Y5E8 (050010), Алматы қаласы, Медеу ауданы, Қонаев көш. 181, № 100 бөлмеде ашылады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 (727) 2599 181.
Конкурстық комиссия хатшысы Молышев Талгат Максатович, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы сатып алу басқармасының бас маманы, байланыс телефоны: 8 727 2599 181, e-mail: [email protected]

Получить документацию Протокол вскрытия Протокол предварительного допуска Протокол допуска

Comments are closed.