Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі РММ үшін конкурс ұйымдастырушысы болып табылатын «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Алмалы ауданы, Панфилов көш., 98, e-mail: [email protected] Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі орталық аппаратының автокөлігін сақтандыру бойынша 2016 жылға қызметтерді сатып алу бойынша конкурсын өткізу туралы хабарлайды:
Қызметтер мына мекенжайда көрсетіледі: Алматы қ., 3-Көктем ш/а, 21-үй (сатып алынатын қызметтің толық тізбесі, олардың саны мен егжей-тегжейлі ерекше нұсқамасы конкурстық құжаттамада көрсетілген).
Қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімі Шарт талаптарына сәйкес.
Конкурсқа конкурстық құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін барлық әлеуетті жеткізушілер жіберіледі.
Конкурстық құжаттама көшірмесінің бумасын 15 сағат 00 минутты қоса алғанда 2015 жылғы «24» желтоқсанға дейінгі мерзімде мына ұйымдастырушының электрондық мекенжайы бойынша: cma-nbrk.kz. интернет ресурсынан алуға болады.
Конкурстық құжаттаманың көшірмесі бумасы тегін ұсынылады.
Конвертке салынып бекітілген конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді әлеуетті жеткізушілер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы мына мекенжай бойынша Алматы қ., Алмалы ауданы, Панфилов көш. 98, № 401 бөлмесіне береді (бағыттайды).
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі 2015 жылғы «25» желтоқсан 13 сағат 00 минутқа дейін.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер 2015 жылғы «25» желтоқсан 15 сағат 00 минутта мына мекенжай бойынша Алматы қ., Алмалы ауданы, Панфилов көш. 98, № 219 бөлмеде ашылады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 727 258 88 26.
Қызметті сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі: «ҚРҰБ ҚҚО» АҚ Сатып алу басқармасының бас маманы Казакпаев Аскар Уланович, байланыс телефоны: 8 727 258 88 26, e-mail: [email protected]
Получить документацию Протокол вскрытия Протокол предварительного допуска Протокол допуска