«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ 2017 жылғы қаржылық есептілігінің аудиті бойынша қызметтерді конкурс тәсілімен қайта сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру (Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі 2017 жылғы «22» тамыз 10 сағат 00 минутқа дейін)

Сатып алуды ұйымдастырушы, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы сатып алу басқармасы атынан, Қазақстан Республикасы, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Медеу ауданы, Қонаев көшесі 181; е-mail: [email protected], «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ 2017 жылғы қаржылық есептілігінің аудиті бойынша қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурсты қайта өткізетіндігі туралы хабарлайды.
Конкурстық құжаттамаларды 2017 жылы «21» тамыз, қоса алғанда  11 сағат 00 минутқа дейінгі мерзімде тапсырыс берушінің интернет-ресурсындағы (сатып алуды ұйымдастырушы) cma-nbrk.kz электронды мекенжайы бойынша алуға болады.
Қызметтер мына мекенжайда көрсетіледі: Қазақстан Республикасы, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Медеу ауданы, Қонаев көшесі 181 (сатып алынатын қызметтердің толық тізбесі, олардың саны мен нақты ерекше сипаттамалары конкурстық құжаттамада көрсетілген).
Қызмет көрсетудің талап етілген мерзімі: Шарт күшіне енген күннен бастап Тараптар ол бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін.
Мөр басып желімделген конвертке салынған конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерін әлеуетті жеткізушілер A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Медеу ауданы, Қонаев көшесі 181, №204 бөлме мекенжайына «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы Сатып алу басқармасына береді (жібереді).
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді берудің соңғы мерзімі 2017 жылғы «22» тамызда 10 сағат 00 минутқа дейін.
Конкурсқа қатысу өтінімі бар конверттер мына мекенжайда: A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Медеу ауданы, Қонаев көшесі 181, №100 бөлмеде 2017 жылғы «22» тамызда 11 сағат 00 минутта ашылады.
Қосымша ақпараттар мен анықтаманы мына телефон бойынша алуға болады:  8(727) 2599 181.
Конкурстық комиссиясының хатшысы Молышев Талгат Максатович, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы сатып алу басқармасының бас маманы, байланыс телефоны: 8 727 2599 181., е-mail: [email protected].

Получить документацию Протокол вскрытия

Comments are closed.