Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ 2018 жылғы қаржылық есептілігінің аудиті бойынша қызметтерді конкурс тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру (Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді берудің соңғы мерзімі 2018 жылғы «02» қазан «10» сағат «00» минутқа дейін)

Сатып алуды ұйымдастырушы, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы сатып алу басқармасы атынан, Қазақстан Республикасы, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Медеу ауданы, Қонаев көшесі 181; е-mail: [email protected], «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ 2018 жылғы қаржылық есептілігінің аудиті бойынша қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурсты өткізетіндігі туралы хабарлайды.
Конкурс құжаттамаларын 2018 жылы «01» қазан, қоса алғанда «11»  сағат  «00»  минутқа дейінгі мерзімде тапсырыс берушінің интернет-ресурсындағы (сатып алуды ұйымдастырушы) cma-nbrk.kz электронды мекенжайы бойынша алуға болады.
Қызметтер мына мекенжайда көрсетіледі: Қазақстан Республикасы, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Медеу ауданы, Қонаев көшесі 181 (сатып алынатын қызметтердің толық тізбесі, олардың саны мен нақты ерекше сипаттамалары конкурстық құжаттамада көрсетілген).
Қызмет көрсету мерзімі Шарт күшіне енген күннен басталған кезеңді құрайды:
• 2018 жылғы 9 ай үшін аудит өткізу бойынша – 2018 жылғы 15 желтоқсанға дейін;
• 2018 жыл үшін аудит өткізу бойынша – 2018 жылғы 20 ақпанға дейін;
• Кеңес беру қызметін көрсету бойынша – тексеру өткізу кезеңінде және 2018 жыл үшін аудиторлық есеп (қорытындылар) мен аудиторлық есепті түсіндіруді алған күннен бастап  кейінгі 9 (тоғыз) ай ішінде..
Мөр басып желімделген конвертке салынған конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерін әлеуетті жеткізушілер A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Медеу ауданы, Қонаев көшесі 181, №204 бөлме мекенжайына «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы Сатып алу басқармасына береді (жібереді).
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді берудің соңғы мерзімі 2018 жылғы  «02»  қазан «10» сағат «00»  минутқа дейін.
Конкурсқа қатысу өтінімі бар конверттер мына мекенжайда: A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Медеу ауданы, Қонаев көшесі 181, №204 бөлмеде 2018 жылғы «02» қазан   «11»   сағат «00»  минутта ашылады.
Қосымша ақпараттар мен анықтаманы мына телефон бойынша алуға болады:  8(727) 259 91 44.
Конкурстық комиссиясының хатшысы Сембиева Перизат Мыктыбековна, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы сатып алу басқармасының бас маманы, байланыс телефоны: 8 727 2599 144, е-mail: [email protected].

Получить документацию Протокол вскрытия Протокол допуска

Comments are closed.