Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен 1С: Кәсіпорын 8.2. бағдарламасын сүйемелдеу бойынша қызметтерді сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарландыру (Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді беру күні мен уақыты: 2016 жылғы «21» қаңтарда сағат 09:00-ден бастап 2016 жылғы «28» қаңтар сағат 09:30-ға дейін)

Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, электронды мекенжайы – [email protected]
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98: тел.: 259-91-80, электронды мекенжайы – [email protected].
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен 1С: Кәсіпорын 8.2. бағдарламасын сүйемелдеу бойынша қызметтерді сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарландырады.
Қызметтің атауы және қысқаша  сипаттамасы:

Лот Қызмет атауы Қызмет көрсетілетің мекенжай Өлшем бірлігі Саны ҚҚС есептемегендегі сатып алуға бекітілген жалпы сома, теңгемен
1 2 3 4 5 6
1 1С: Кәсіпорын 8.2. бағдарламасын сүйемелдеу бойынша қызметтер Алматы қаласы, Панфилов көш., 98; Ермак көшесі, 24; Әйтеке би көш., 67; 3-Көктем ш/а., 21-үй. Қызмет 1   2 727 216,00

Сатып алуға бөлінген жалпы сома – ҚҚС есептемегенде   2 727 216,00 теңге.
Қызмет көрсету мерзімі және ақы төлеу тәртібі Шарт талаптарына сәйкес.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын жеткізетін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, № 401 бөлме.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді беру күні мен уақыты:
2016 жылғы  «21» қаңтарда  сағат 09:00-ден бастап 2016 жылғы  «28» қаңтар сағат 09:30-ға дейін
Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты:
2016 жылғы  «28» қаңтар сағат 10:00-де.
Сатып алу туралы шарт жобасы мен қосымша ақпарат қоса жіберіледі.
1) Әр әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтерді құрайтын, тек бір баға ұсынысын бере алады:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжат) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• көрсетілетін қызмет атауы;
• Қызмет көрсету орны мен мерзімі;
• ҚҚС сомасын есептемегендегі қызмет бірлігі үшін бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық мекенжайы
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын беруге қатысу үшін тауарлар, жұмыстар, қызметтерді сатып алу атауы.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттеледі:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.

Получить документацию

Comments are closed.