1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – [email protected]
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, тел: 259-91-44, электронды мекенжайы – [email protected]
баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен ағаш есікті метал есікке ауыстыру бойынша жұмыстарды сатып алуды өткізу туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуларға қатысуға шақырады
2. Жұмыс атауы, құны және қысқаша сипаттамасы:
Лот № |
Жұмыс атауы |
Жұмыстың қысқаша сипаттамасы |
Өлшем бірлігі |
Саны |
ҚҚС есептемегенде бірлігі үшін бағасы, теңге | ҚҚС есептемегенде сатып алуға бөлінген жалпы сома, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Ағаш есікті метал есікке ауыстыру бойынша жұмыстар |
1. Мына мекенжай бойынша ағаш есікті металл есікке ауыстыру бойынша жұмыстарды орындау: Алматы қ., «3-Көктем» ш/а, 21-үй (1, 2-қабаттар) – 2 (екі) дана.
Жеткізуші қаражаты есебінен металл есіктер сатып алынады және орнату орнына жеткізіледі. Металл есіктердің бірінің ішке ашылатын металл терезесі бар. Есіктің жабық терезесі ішінен ысырма немесе сұқпатиекпен жабылады. Терезенің көлемі кем дегенде 250*250 мм. Бар ағаш есік блогын демонтаждау (есік, қорап). Өртке қарсы материалдардан жасалған бір жаппалы металл есік блогын (есік, қорап) демонтаждалған жерге орнату: Биіктігі: кем дегенде 2000 мм, Ені: кем дегенде 800 мм. Төбе қалқасы мойынтіректі. Есіктің сыртқы және ішкі бір бөлігі қалыңдығы кем дегенде 1,5 мм. металл беттерден. Резеңке нығыздағыш есіктің периметрі бойынша. Есіктер өртке қарсы материалдардан толтырылып жасалған. Есік пен есік қорабы Металды сызаттан, кетіктен және тоттанудан жоғары деңгейде қорғауды қамтамасыз ететін 3 компонентті полимерлі-ұнтақпен (бедерлі, жылтыр) қапталған. Түсі – Тапсырыс берушінің келісімі бойынша. Тұтқасы бар құлыптары енсіз жұқа тақтайшада, цилиндр механизмі бар және құрышпен қапталған. Есіктің ашылуы – сыртқа. Қажеттілігіне қарай ойықтарын металл швеллер немесе бұрыштамамен зорайту. 2. Металл есікті монтаждаудан кейін есіктің периметрі бойынша ашық ойықтарды, саңлауларды, бітейді, бөктерді шығарады, таза өңдеу жұмыстарын жүргізеді. |
жұмыс | 1 | 260 000,00 | 260 000,00 |
2 | Ағаш есікті метал есікке ауыстыру бойынша жұмыстар |
1. Мына мекенжай бойынша ағаш есікті металл есікке ауыстыру бойынша жұмыстарды орындау: Алматы қ., Әйтеке би көш., 67 (1-қабат) – 2 (екі) дана.
Жеткізуші қаражаты есебінен металл есіктер сатып алынады және орнату орнына жеткізіледі. Бар ағаш есік блогын демонтаждау (есік, қорап). Өртке қарсы материалдардан жасалған бір жаппалы металл есік блогын (есік, қорап) демонтаждалған жерге орнату: Биіктігі: кем дегенде 2000 мм, Ені: кем дегенде 800 мм. Төбе қалқасы мойынтіректі. Есіктің сыртқы және ішкі бір бөлігі қалыңдығы кем дегенде 1,5 мм. металл беттерден. Резеңке нығыздағыш есіктің периметрі бойынша. Есіктер өртке қарсы материалдардан толтырылып жасалған. Есік пен есік қорабы Металды сызаттан, кетіктен және тоттанудан жоғары деңгейде қорғауды қамтамасыз ететін 3 компонентті полимерлі-ұнтақпен (бедерлі, жылтыр) қапталған. Түсі – Тапсырыс берушінің келісімі бойынша. Тұтқасы бар құлыптары енсіз жұқа тақтайшада, цилиндр механизмі бар және құрышпен қапталған. Есіктің ашылуы – сыртқа. Қажеттілігіне қарай ойықтарын металл швеллер немесе бұрыштамамен зорайту. 2. Металл есікті монтаждаудан кейін есіктің периметрі бойынша ашық ойықтарды, саңлауларды, бітейді, бөктерді шығарады, таза өңдеу жұмыстарын жүргізеді. |
жұмыс |
1 |
260 000,00 | 260 000,00 |
Жұмысты сатып алуға бөлінген жалпы сома – ҚҚС сомасын есептемегенде 520 000,00 (бес жүз жиырма) теңге 00 тиын.
3. Жұмысты орындау орны – Шартқа сәйкес.
4. Талап етілетін Жұмысты орындау Шарт талаптарына сәйкес.
5. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді беру күні мен уақыты: 2018 жылғы «16» қазан сағат 09:30 бастап 2018 жылғы «23» қазан сағат 09:30 дейін.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2018 жылғы «23» қазан сағат 10:00.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарды ұсыну жері – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, №204 кабинет.
7. Жұмыс үшін талап етілетін ақы төлеу жағдайлары Шарт талаптарына сәйкес.
8. Маңызды талаптар мен техникалық ерекше нұсқаманы көрсете отырып сатып алу туралы шарт жобасы қоса жіберіледі.
1) Әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтер мен құжаттардан тұратын әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) бекітілген тек бір баға ұсынысын бере алады:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжат) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• жеткізілетін тауар/ көрсетілетін қызмет/орындалатын Жұмыс атауы;
• жеткізілетін тауар/ көрсетілетін қызмет/орындалатын Жұмысты орындау орны мен мерзімі;
• ҚҚС сомасын есептемегенде тауар/қызмет/жұмыс бірлігі үшін бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші қатысу үшін баға ұсыныстарын беретін тауар, жұмыс, қызметті сатып алу атауы.
9. Баға ұсынысын поштамен жіберген кезде конверттің бет жағында қосымша ескертпе болуы керек: «2018 жылғы «23» қазан «10» сағат «00» минутқа дейін ашпау керек».
Әлеуетті жеткізуші немесе олардың уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын қолма-қол берген жағдайда әлеуетті жеткізушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқығына әлеуетті жеткізушінің мүддесін білдіретін тұлғалардың сенімхаттарын, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен бірге беруі керек.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттенеді:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.