Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен аккумуляторларды сатып алуды өткізу туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады (Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді берген күні мен уақыты: 2018 жылғы «28» мамыр, сағат 09:00-ден бастап, 2018 жылғы «04» маусым, 09:30 сағатқа дейін)

1. Тапсырыс беруші:  «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – [email protected]
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181,  тел.: 258-88-21, электронды мекенжайы – [email protected]
хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен аккумуляторларды  салудың өткізілетіндігі туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады
2. Тауар атауы, құны  және қысқаша сипаттамасы:

Лоттар Атауы Өлшем бірлігі Саны ҚҚС есептемегендегі бірлігі үшін бағасы, теңгемен ҚҚС есептемегендегі сатып алуға бөлінген жалпы сома, теңгемен Тауардың қысқаша сипаттамасы
№ 1 Лот Аккумулятор дана 9 15 582,87 140 245,83 Toyota Hi Lux 2WD 2001ж.ш. 6СТ60*66
№ 2 Лот Аккумулятор дана 2 15 582,87 31 165,74 Toyota Hi Lux 4WD 2001 ж.ш.6СТ60*66
№ 3 Лот Аккумулятор дана 17 19 608,75 333 348,75 Toyota Hiace 2 WD 2011 ж.ш. (шағын автобус) 6СТ75
№ 4 Лот Аккумулятор дана 4 18 438,39 73 753,56 Toyota Hiace 2,5 WD 2008 ж.ш.6СТ75
№ 5 Лот Аккумулятор дана 12 45 952,68 551 432,16 Nissan-Diezel1996 ж.ш.6СТ190*200
№ 6 Лот Аккумулятор дана 4 51 852,05 207 408,20 Volvo FES 4095 2011 ж.ш. 6СТ230
№ 7 Лот Аккумулятор дана 6 19 608,75 117 652,50 Volkswagen Caravelle 2008 ж.ш. 6СТ60
№ 8 Лот Аккумулятор дана 2 25 338,93 50 677,86 MercedesBenz Sprinter 2010 ж.ш. 6СТ100
№ 9 Лот Аккумулятор дана 1 24 775,27 24 775,27 Зил МДК 433362 2011 ж.ш. 6СТ90
№ 10 Лот Аккумулятор дана 10 52 333,33 523 333,30 Toyota Coaster 2001 ж.ш. 6СТ90*95
№ 11 Лот Аккумулятор дана 1 31 833,33 31 833,33 АИ-92 6СТ90 автожүктегішке

3. Тауар жеткізудің талап етілетін  мерзімдер Шарт талаптарына сәйкес.
4. Тауар жеткізу орны  – Алматы қ., Ермак көшесі, 24.
5.  Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді берген күні мен уақыты: 2018 жылғы  «28» мамыр,     сағат  09:00-ден  бастап,  2018  жылғы  «04»  маусым,  09:30 сағатқа дейін.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2018 жылғы  «04»  маусым,    10:00 сағатта.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беретін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8 (050010), Алматы қаласы, Қонаев көш., 181.  № 204 кабинет.
7. Тауар үшін ақы төлеудің талап етілетін тәртібі Шарт талаптарына сәйкес.
8. Сатып алу туралы шарт жобасы маңызды талаптарымен және техникалық ерекше нұсқамасымен қоса беріледі.
1) Әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтер мен құжаттардан тұратын әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) бекітілген тек бір баға ұсынысын бере алады:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжат) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• жеткізілетін Тауар атауы, сипаттамасы және саны;
• Тауар жеткізетін орын мен мерзімі;
• Тауар бірлігінің бағасы мен Тауар жеткізуге байланысты  оның шығыстары қоса қамтылған жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші қатысу үшін баға ұсыныстарын берген  тауарларды сатып алу атауы.
Баға ұсыныстарын пошта арқылы жібергенде, конверттің беткі жағында қосымша ескертпе болуы  тиіс: «2018 жылғы «04» маусым   10 сағат 00 минутқа дейін ашылмасын».
Әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын өз қолымен  бергенде, әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқына берілген  әлеуетті жеткізушінің мүдделерін қорғайтын тұлғаларына жеке басын куәландыратын құжат көшірмесімен сенімхатты беруге тиіс.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттенеді:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.

Получить документацию

Comments are closed.