1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – [email protected]
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, телефон: 259-91-44, электронды мекенжайы – [email protected]
баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен алюминий қақпаларды демонтаждау, жасау және орнату бойынша жұмыстарды қайта сатып алуды өткізу туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады.
2. Жұмыс атауы және қысқаша сипаттамасы:
Лот № | Жұмыс атауы | Жұмыстың сипаттамасы | Өлшем бірлігі | Саны | ҚҚС есептемегенде сатып алуға бөлінген жалпы сома, теңге | Жұмысты орындау жері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Алюминий қақпаларды демонтаждау, жасау және орнату бойынша жұмыстар |
1. Гипсокартоннан жасалған бар қалқаны демонтаждау – 10,96 м2;
2. Кафель жиектасын демонтаждау (еденкемер) – 18 ұ.м.; 3. Шыңдалған шыныдан алюминий қақпаларды жасау 6мм (күнгір және бекіткіш жылтыр емес үлдірімен) кіріс топқа фурнитурасымен – 12,96 м2; 4. Алюминий қақпаларды монтаждау; 5. Шыңдалған шыныдан бір жаппалы алюминий есікті жасау 6мм (күнгір және бекіткіш жылтыр емес үлдірімен) фурнитурамен; 6. Алюминий есікті монтаждау; 7. Есіктің ойығын өндеу, есік ойығы мен қабырғасы мен төбені бояу- 6 м2, тазалау өндеу жұмыстарын жүргізу. Есік тұтқалардың, бекіткіш бөлшектердің және басқа да беттерін бояу негізгі түсі: күміс, ашық сұр түсті. Кіріс топтарда жылтыр емес үлдірмен тапсырыс берушінің логотипы жазылу керек; 8. Бар алюминий есікті демонтаждау мен монтаждау; 9. есікті демонтаждау мен монтаждаудан кейін есіктің ойығын, саңлауларды бітеу, қиябеттерді шығару және тазалау өндеу жұмыстарын жүргізу; 10. Электр жұмыстар (ажыратқыштың орнын ауыстыру-2 дана); 11. 3* ВВГ кабелін монтаждау 15 – 20 метр; 12. Кабель сымын монтаждау – 17 метр; 13. Қоқыс шығару. |
жұмыс | 1 | 360 000,00 |
Алматы қ.,
Достық д-лы, 136 |
Жұмысты сатып алуға бөлінген жалпы сома – ҚҚС сомасын есептемегенде – 360 000,00 (үш жүз алпыс мың) теңге 00 тиын.
3. Жұмысты орындау орны – Алматы қ. Достық даң-лы, 136;
4. Талап етілетін Жұмысты орындау мерзіміқос Тарап Шартқа қол қойған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күнді құрайды.
5. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді беру күні мен уақыты: 2018ж. 25.10, 10с:00 мин. ден бастап 2018 ж. 01.11., 10с.:00мин. дейін.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2018 ж. 01.11., 10 с. : 30 мин.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын жеткізетін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, (A25Y5E8) 050010, Алматы қ., Қонаев көш., 181, №204 бөлме.
7. Жұмыс үшін талап етілетін ақы төлеу талаптары Шарт талаптарына сәйкес.
8. Маңызды талаптарды көрсете отырып сатып алу туралы шарт жобасы және техникалық сипаттамасы қоса жіберіледі.
1) Әр әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойыншаәлеуетті жеткізушінің қолы қойылған және мөрі бастылған (бар болған жағдайда) мына мәліметтерді құрайтын, тек бір баға ұсынысын бере алады:
• әлеуетті жеткізушінің атауы;
• көрсетілетін Жұмыс атауы, сипаттамасы және саны;
• шығарылған ел және шығарушы зауыт (жұмыстарды, қызметтерді сатып алу кезінде толтырылмайды);
• Бірлік үшін бағасы және Жұмысты көрсетуге байланысты шығындар кіретін Жұмыстың жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізушінің баға ұсыныстарын беруге қатысу үшін Жұмысты сатып алу атауы.
Баға ұсынысты поштамен жіберген сәтте, конверттің бетінде: «2018 жылғы 01 қараша 10 сағат 30 минутқа дейін ашпау керек» деген қосымша белгі болу керек.
Баға ұсыныстарды әлеуетті жеткізушілер немесе уәкілетті өкілдер қолма-қол ұсыну кезінде әлеуетті жеткізушілерде немесе уәкілетті өкілдерінде өзінде жеке басын куәландыратын куәліктің көшірмесі бар баға ұсынысын ұсынуға құқығын беретін әлеуетті жеткізушінің мүддесін қорғайтын тұлғаларда сенімхат болу керек.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттеледі:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылғаны туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.