1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – [email protected] .
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, тел.: 259-91-44, электронды мекенжайы – [email protected] .
баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен автоматты жылжымалы қақпаларға, порталды автоматты жуу қақпаларына және жылу перделеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыстарды сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады.
2. Жұмыс атауы және қысқаша сипаттамасы:
Лот № | Жұмыс атауы |
Сипаттамасы |
Өлшем бірлігі | Саны | ҚҚС есептемегендегі сатып алуға бөлінген жалпы сома, теңгемен |
Жұмысты орындау орны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Автоматты жылжымалы қақпаларға, порталды автоматты жуу қақпаларына техникалық қызмет көрсету және жөндеу |
1 дана автоматты жылжымалы қақпаларға және 2 дана порталды жуу ғимараты қақпасына тоқсан сайын техникалық қызмет көрсету және жөндеу:
– автоматты қақпаларды, фотоэлементтерді қарап шығу, тексеру және диагностикалау, байланысқан қосылыстар мен жалғағыштарды тексеру, электр қуат беру мен автоматты қақпалардың электр жүйесін тексеру және қалыпты күйге келтіру; – Тапсырыс берушінің шақыртуы бойынша ақаулықтарды жою (қызмет көрсететін ұйымның техникалық қызметкерлерін жедел шақыруларды қоса алғанда); – Салмақ түсетін рейкасы бар сым тегершік іліністерін қалпына келтіру; – Салмақ түсетін роликтерді, рейкаларды, қақпаның бір бөлігін, жетекті жөндеу (ұшты микро-ажыратқыштардың жабысуы); – Қондырғының барлық бөліктерін майлау, роликтердің бірігуінің жұмыс істеуін тексеру; – қақпаларды басқару автоматикасын қалыпты күйге келтіру, диагностикалау, қақпаны қалыпты күйге келтіру; – Көтергіш құрылымдардың роликтер жүйесін жөндеу (ролик тіректерін түзету, рейка мен тегершік арасындағы тесікті жөндеу, тартпа күшін қалыпты күйге келтіру, қауіпсіздік қадағасындағы ақаулықтарды жою). |
жұмыс | 1 | 244 000,00 | Алматы қаласы, Ермак көшесі, 24 |
Жылу перделеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу |
Порталды жуу үй-жайында орналасқан саны 4 (төрт) дана жылу перделеріне тоқсан сайын техникалық қызмет көрсету және жөндеу:
– Жылу перделерін маусымдық бұзылудан қорғау (қайта іске қосу); – Қажеттілігіне қарай диагностика жүргізу және қорытындылар бойынша ақаулар Актісін жасау; – Жылу перделерін қашықтықтан басқару тетігін өз қаражаты есебінен ауыстыру; – Тапсырыс берушіге жылу пердесін пайдалану мәселесінде техникалық көмек көрсету, жылу пердесінің жұмысын жақсарту бойынша техникалық ұсыныстарды беру; – Тапсырыс берушінің талап етуімен Жеткізуші жылу пердесіне кішігірім жөндеу жүргізуге міндеттенеді (жылу пердесінің корпусын тотқа қарсы құралмен бояу немесе қаптау). – Жылу перделерін қарап шығу, тексеру және диагностикалау, байланысқан қосылулар мен жалғағышты тексеру, бекіткіштерді, қоршау мен блок құрылымын тексеру, электр қуат беру мен жылу пердесінің электр жүйесін тексеру және қалыпты күйге келтіру; – Тапсырыс берушінің шақыртуы бойынша жарамсыздықтарды жою (қызмет көрсететін ұйымның техникалық қызметкерлерін жедел шақыруларды қоса алғанда); – Құрылғылар мен жылу пердесінің барлық тораптарын шаң мен кірден тазалау; – Сымдар бойынша электр қуат беруді тексеру (кернеу бойынша үйлесімсіздікті тексеру, тоқ бойынша үйлесімсіздікті тексеру); – Жылу пердесінің жұмысын барлық режимде тексеру; – Басқару блогын тестілеуден өткізу (басқару тетігі); – Блоктың кіру және шығу жалюзиін тазалау; – Блок корпусы мен алдыңғы панельді тазалау; – Блоктың ауа сүзгісін тазалау; – Клемма қорабындағы сымдардың бұрандалы қосылуларды қатайту, қажеттілігіне қарай сақтандырғышты, ұштықты ауыстыру, байланыстарды тазалау. |
жұмыс | 1 | 110 170,00 | Алматы қаласы, Ермак көшесі, 24 |
Жұмысты сатып алуға бөлінген жалпы сома – ҚҚС сомасын есептемегенде 354 170,00 (үш жүз елу төрт мың жүз жетпіс) теңге 00 тиын.
3. Жұмыс орындалатын орын: Шарт талаптарына сәйкес.
4. Жұмысты орындаудың талап етілетін мерзімі қос Тарап Шартқа қол қойған күннен бастап және 2019 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңді құрайды.
5. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді берген күні мен уақыты: 2019 жылғы 30.01. сағат 09:30 бастап 2019 жылғы 06.02. сағат 09:30 дейін.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2019 жылғы 06.02. сағат 10:00.
Әлеуетті жеткізушілер баға ұсыныстарын ұсынатын және ашатын жері – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, №204 кабинет.
7. Жұмыс үшін талап етілетін ақы төлеу жағдайлары Шарт талаптарына сәйкес.
8. Сатып алу туралы шарт жобасы маңызды талаптарын көрсете отырып қоса беріледі.
1) Әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтер мен құжаттардан тұратын әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) бекітілген тек бір баға ұсынысын бере алады:
• әлеуетті жеткізушінің атауы;
• орындалатын Жұмыс атауы, сипаттамасы және саны;
• шыққан елі және өндіруші зауыт (жұмыс, қызмет сатып алу кезінде толтырылмайды);
• Жұмыс бірлігі үшін бағасы және Жұмысты орындауға байланысты шығыстарды қамтитын жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші қатысу үшін баға ұсыныстарын берген жұмыстарды сатып алу атауы.
Баға ұсыныстарын пошта арқылы жібергенде, конверттің беткі жағында қосымша ескертпе болуы тиіс: «2019 жылғы «06» ақпан 10 сағат 00 минутқа дейін ашылмасын».
Әлеуетті жеткізуші немесе олардың уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын қолма-қол берген жағдайда әлеуетті жеткізушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқығына әлеуетті жеткізушінің мүддесін білдіретін тұлғалардың сенімхаттарын, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен бірге беруі керек.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттенеді:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық.
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.