1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8, Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – [email protected]
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы A25Y5E8, Алматы қ., Қонаев көш., 181, телефон: 258-88-21, электронды мекенжайы – [email protected]
баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен автомобиль терезесін қараңғылау бойынша жұмыстарды сатып алуды өткізу туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады
2. Сатып алынатын Жұмыс атауы және қысқаша сипаттамасы:
Лот № | Жұмыс атауы | Сатып алынатын жұмыстың қысқаша сипаттамасы |
Өлшем бірлігі |
Саны көлемі |
(ҚҚС есептемегенде) бірлігі үшін бағасы, теңге |
(ҚҚС есептемегенде) сатып алуға бекітілген жалпы сома, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Автомобиль терезесін қараңғылау бойынша жұмыстар |
Атауы: «Автомобиль терезесін қараңғылау бойынша жұмыстар».
Автомобильдер саны: 46 бірлік. Автомобильдер маркасы: Toyota Camry 70, 2018 жылы шығарылған. Жұмыстың сипаттамасы: · Артқы есіктердің қаптауын бөлшектеу; · Артқы есіктердің әйнектерін қабыршақпен желімдеу; · Артқы есіктердің қаптауын құрастыру; · Артқы панельді бөлшектеу; · Артқы әйнекті қабыршақпен желімдеу; · Артқы панельді құрастыру; Әйнектерді қараңғылау бойынша жұмыстардың Жеткізушіне қойылатын талаптар: · Сервис орталығы Алматы қ. орналасу тиіс; · Автомобильдердің есіктері мен панельдерінің қаптауын ішінара бөлшектеу бойынша жұмыстар «Toyota Camry» маркалы автомобильдер өндіруші зауытының ұсынымдарына сәйкес жүргізілу тиіс; · Жұмыстар Жеткізушінің сертификатталған сервис орталығы орындау керек; · Тапсырыс берушінің өтініміне сәйкес өндірістік қажеттілікке байланысты сервис орталығы демалыс және мереке күндерсіз жұмыс істеу керек; · Автомобильдер кепілдік қызмет көрсетуде болуына байланысты, әлеуетті Жеткізушіде автомобиль әйнектерін қараңғылау кезінде есіктерді қаптауын бөлшектеу және құрастыру бойынша білікті сертификатталған мамандар немесе механиктер болу керек; · Қабыршақтың күн сәулесін жарық өткізу параметрі – 5% болу керек; · Қабыршақ материалдың МЕМСТ талаптарына сәйкес келетінін растайтын сертификат болу керек; · Түсі – қара реңк; · Сервис орталығында мыналар болу керек: – автокөлікті қабылдау және беру аймақ; – ыңғайлы кіру және шығу жолдарымен жабдықталған аймақ; · Сервис орталығының аймағы күзетілу керек. Сервис орталығының аймағында кіру рұқсаты бар режимі болу керек. · Жөндеу жұмыстары Тапсырыс берушінің өкілі (көлік құралының жүргізушісінің) көзінше жасалу керек. Жеткізушінің ішкі ережелері бойынша Тапсырыс берушінің өкілі көлік құралын қараңғылау бойынша жұмыс жүргізілетін сервис цехында болуына шектеу қойылатын жағдайда жасалатын Жұмыстарды көрсетілетін күту залы болу керек. · Жұмыстарды жасаған кезде: – Жеткізушінің техникалық қызметкерлеріне Тапсырыс берушінің автомобилімен тікелей айналысатын мамандардан басқа шектеулі кіру рұқсатымен қамтамасыз етілу тиіс; – жұмыс орнында бейнебақылау камерасы болу керек.
|
Жұмыс | 1 | 1 504 817,00 | 1 504 817,00 |
Сатып алынатын техникалық ерекше нұсқама:шарт талаптарына сәйкес (әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстармен бірге қол қойылған сатып алынатын Жұмыстардың техникалық ерекше сипаттамасын беру қажет).
4. Жұмысты орындау орны: шарт талаптарына сәйкес.
5. Жұмысты орындау мерзімі: шарт талаптарына сәйкес.
6. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарды ұсынуды бастау мерзімі: Астана қ. уақыты бойынша
2019ж. «08» ақпан 09 с: 00 мин.мына мекенжай бойынша A25Y5E8, Алматы қ., Қонаев көш., 181, №204 бөлме.
7. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарды ұсынуды аяқтау мерзімі: Астана қ. уақыты бойынша
2019ж. «15» ақпан 10с: 30 мин.мына мекенжай бойынша A25Y5E8, Алматы қ., Қонаев көш., 181, №204 бөлме.
8. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: Астана қ. уақыты бойынша 2019ж. «15» ақпан 11 с: 00 мин.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын жеткізетін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ,
9. Маңызды талаптарды көрсете отырып сатып алу туралы шарт жобасы және техникалық сипаттамасы қоса жіберіледі.
10) Әр әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша қолы қойылған және мөрі басылған (болған жағдайда) мына мәліметтерді құрайтын, тек бір по форме согласно приложению 8 к Правилам приобретения товаров, работ и услуг Национальным Банком Республики Казахстан, его ведомствами, организациями, входящими в его структуру, юридическими лицами, пятьдесят и более процентов голосующих акции которых принадлежат Национальному Банку Республики Казахстан или находятся в его доверительном управлении, и аффилиированными с ними юридическими лицами, утвержденных постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27.08.2018 года №192 (далее – Правила НБ РК), баға ұсынысын бере алады:
1) әлеуетті жеткізушінің атауы және нақты мекенжайы ;
2) орындалатын Жұмыс атауы, сипаттамасы және саны;
3) жұмысты орындау орны мен мерзімі
4) Бірлік үшін бағасы және Жұмысты орындауға байланысты шығындар кіретін Жұмыстың жалпы бағасы.
5) Жұмыс құны көрсетінген әлеуетті жеткізуші қол қойған техникалық ерекше нұсқама.
Әлеуетті жеткізуші ұсынған баға ұсыныстарға баға ұсыныстарды ұсыну мерзімі біткеннен кейін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу ҚР ҰБ Қағидаларының 140-тармағында көзделген жағдайлардан басқа рұқсат етілмейді:
11. Әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарды ұсыну өткізілетін сатып алулар талаптары мен ҚР ҰБ Қағидаларымен көзделген талаптарын сақтап отырып тауарды ұсыну, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсетуді жүзеге асыруға келісім беру пішіні болып табылады.
12. Әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарды баға ұсыныстарды сұрату тәсілімен сатып алулар туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарды ұсынуды аяқтау уақыты мен күніне дейін жабылған конвертте ұсынылады.
Баға ұсыныстарды әлеуетті жеткізушілер немесе уәкілетті өкілдер қолма-қол ұсыну кезінде әлеуетті жеткізушілерде немесе уәкілетті өкілдерінде өзінде жеке басын куәландыратын куәліктің көшірмесі бар баға ұсынысын ұсынуға құқығын беретін әлеуетті жеткізушінің мүддесін қорғайтын тұлғаларда сенімхат болу керек.
13. Баға ұсыныстары бар жабылған конверттің бетінде әлеуетті жеткізуші мыналарды көрсетеді:
1) әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы, БСН/ЖСН;
2) сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген мәліметтерге сәйкес тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) толық атауы мен пошталық мекенжайы;
3) әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын беруге қатысу үшін лоттың тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу атауы.
14. Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттеледі:
1) Жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін:
2) Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
3) ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлік (салық салынатын болса);
4) Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
5) Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық.
15. Жеке кәсіпкер үшін:
1) ЖК тіркеу туралы куәлік;
2) Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
3) Жеке куәлігі;
4) ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылғаны туралы куәлік (салық салынатын болса).