Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен автомобиль терезесін қараңғылау бойынша жұмыстарды сатып алуды өткізу туралы хабарландырады (Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді беру күні мен уақыты: 2018ж. «12» қараша 09 с: 00 мин. ден бастап 2018 ж. «19» қараша 09:30 с дейін)

1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8, Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – [email protected]
2. Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы A25Y5E8, Алматы қ., Қонаев көш., 181, телефон: 259-91-81, электронды мекенжайы – [email protected]
баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен автомобиль терезесін қараңғылау бойынша жұмыстарды сатып алуды өткізу туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады
2. Жұмыс атауы және қысқаша сипаттамасы:

Лот № Атауы Жұмыстың қысқаша сипаттамасы Өлшем бірлігі Саны (ҚҚС есептеме-генде) бірлігі үшін бағасы, теңге (ҚҚС есептеме-генде) сатып алуға бекітілген жалпы       сома, теңге
1 2 3 4 5 6 7
1 Автомобиль терезесін қараңғылау бойынша жұмыстар       Атауы: «Автомобиль терезесін қараңғылау бойынша жұмыстар».

      Автомобильдер саны: 46 бірлік.

      Автомобильдер маркасы: Toyota Camry 70, 2018 жылы шығарылған.

      Жұмыстың сипаттамасы:

·         Артқы есіктердің қаптауын бөлшектеу;

·         Артқы есіктердің әйнектерін қабыршақпен желімдеу;

·         Артқы есіктердің қаптауын құрастыру;

·         Артқы  панельді бөлшектеу;

·         Артқы әйнекті қабыршақпен желімдеу;

·         Артқы  панельді құрастыру;

     Әйнектерді қараңғылау бойынша жұмыстардың Жеткізушіне қойылатын талаптар:

·         Сервис орталығы Алматы қ. орналасу тиіс;

·         Автомобильдердің есіктері мен панельдерінің қаптауын ішінара бөлшектеу бойынша жұмыстар «Toyota Camry» маркалы автомобильдер өндіруші зауытының ұсынымдарына сәйкес жүргізілу тиіс;

·         Жұмыстар Жеткізушінің сертификатталған  сервис орталығы орындау керек;

·         Тапсырыс берушінің өтініміне сәйкес өндірістік қажеттілікке байланысты сервис орталығы демалыс және мереке күндерсіз жұмыс істеу керек;

·         Автомобильдер кепілдік қызмет көрсетуде болуына байланысты, әлеуетті Жеткізушіде автомобиль әйнектерін қараңғылау кезінде есіктерді қаптауын бөлшектеу және құрастыру бойынша білікті сертификатталған мамандар немесе механиктер болу керек;

·         Қабыршақтың күн сәулесін жарық өткізу параметрі – 5% болу керек;

·         Қабыршақ материалдың МЕМСТ талаптарына сәйкес келетінін растайтын сертификат болу керек;

·         Түсі – қара реңк;

·         Сервис орталығының ішіне мыналар кіреді:

– автокөлікті қабылдау және беру аймақ;

– ыңғайлы кіру және шығу жолдарымен жабдықталған аймақ;

·         Сервис орталығының аймағы күзетілу керек. Сервис орталығының аймағында кіру рұқсаты бар режимі болу керек.

·         Жөндеу жұмыстары Тапсырыс берушінің өкілі (көлік құралының жүргізушісінің) көзінше жасалу керек. Жеткізушінің ішкі ережелері бойынша Тапсырыс берушінің өкілі көлік құралын қараңғылау бойынша жұмыс жүргізілетін сервис цехында болуына шектеу қойылатын жағдайда жасалатын Жұмыстарды көрсетілетін күту залы болу керек.

·         Жұмыстарды жасаған кезде:

– Жеткізушінің техникалық қызметкерлеріне Тапсырыс берушінің автомобилімен тікелей айналысатын мамандардан басқа шектеулі кіру рұқсатымен қамтамасыз етілу тиіс;

– жұмыс орнында бейнебақылау камерасы болу керек.

 

Жұмыс 1 1 410 393,00 1 410 393,00

Жұмысты сатып алуға бөлінген жалпы сома – ҚҚС сомасын есептемегенде – 1 410 393,00 (бір миллион төрт жүз он мың үш жүз тоқсан үш) теңге 00 тиын.
3. Жұмысты орындау орны Шартта көрсетілген мекенжай бойынша.
4. Талап етілетін Жұмысты орындау мерзімі қос Тарап Шартқа қол қойған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн.
5. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді беру күні мен уақыты: 2018ж. «12» қараша 09 с: 00 мин. ден бастап 2018 ж. «19» қараша 09:30 с дейін.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2018 ж. «19» қараша «11» с. : «00» мин.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын жеткізетін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8, Алматы қ., Қонаев көш., 181, №204 бөлме.
7. Жұмыс үшін талап етілетін ақы төлеу талаптары Шарт талаптарына сәйкес.
8. Маңызды талаптарды көрсете отырып сатып алу туралы шарт жобасы және техникалық сипаттамасы қоса жіберіледі.
1) Әр әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша қолы қойылған және мөрі басылған (болған жағдайда) мына мәліметтерді құрайтын, тек бір баға ұсынысын бере алады:
• әлеуетті жеткізушінің атауы;
• орындалатын Жұмыс атауы, сипаттамасы және саны;
• Шыққан елі және өндіруші зауыт (жұмыстарды, қызметтерді сатып алған кезінде толтырылмайды);
• Бірлік үшін бағасы және Жұмысты орындауға байланысты шығындар кіретін Жұмыстың жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын беруге қатысу үшін жұмысты сатып алу атауы.
Баға ұсыныстарды әлеуетті жеткізушілер немесе уәкілетті өкілдер қолма-қол ұсыну кезінде әлеуетті жеткізушілерде немесе уәкілетті өкілдерінде өзінде жеке басын куәландыратын куәліктің көшірмесі бар баға ұсынысын ұсынуға құқығын беретін әлеуетті жеткізушінің мүддесін қорғайтын тұлғаларда сенімхат болу керек.
Баға ұсынысты поштамен жіберген сәтте, конверттің бетінде: «2018 жылғы «19» қараша 11 сағат 00 минутқа дейін ашпау керек» деген қосымша белгі болу керек.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттеледі:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық.
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылғаны туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.

Получить документацию Объявление об отказе от закупки

Comments are closed.