1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8, Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – [email protected].
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, A25Y5E8, Алматы қ., Қонаев көш., 181, тел.: 259-91-81, электронды мекенжайы – [email protected].
баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен автошиналарды сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады
2. Тауар атауы, құны және қысқаша сипаттамасы:
Лоттар | Атауы | Тауардың қысқаша сипаттамасы | Өлшем бірлігі | Саны | Бірлігі үшін бағасы, теңгемен (ҚҚС есептемегенде) | Сатып алуға бекітілген жалпы сома, теңгемен (ҚҚС есептемегенде) |
№ 1 Лот | Автошиналар | Автошиналар – қысқы (жабысқақ) 195 R15С106/104 Шыққан жылы 2017 жылдан ерте емес, сәйкестік сертификаты берілген. Toyota HiAce 2 WD (микроавтобус) арналған 2011 жылы шыққан. Шиналардың мынадай мәндері болуы тиіс: 1. Жүктеме индексі 2. Беріктік индексі 3. Тіркесу индексі 4. Температура индексі 5. Шиналардың көлемі 6. Жылдамдық санаты – L-N |
дана | 4 | 25 090,00 | 100 360,00 |
Тауарды сатып алуға бөлінген жалпы сома – ҚҚС сомасын есептемегенде 100 360,00 (жүз мың үш жүз алпыс) теңге 00 тиын.
3. Тауар жеткізетін орын – Алматы қаласы, Ермак көшесі, 24.
4. Тауар жеткізу талап етілетін мерзімдері – қос Тарап Шартқа қол қойған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн.
5. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді берген күні мен уақыты: 2018 жылғы «23» қараша сағат 09:00 -ден бастап 2018 жылғы «30» қараша, сағат 9:30-ға дейін.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2018 жылғы «30» қараша, 11:00 сағатта.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беретін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8, Алматы қаласы, Қонаев көш., 181, № 204 кабинет.
7. Жеткізілетін Тауар үшін ақы төлеудің талап етілетін тәртібі Шарт талаптарына сәйкес.
8. Сатып алу туралы шарт жобасы Тауардың маңызды талаптары және сипаттамасы көрсетіліп қоса беріледі.
1) Әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтер мен құжаттардан тұратын әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) бекітілген тек бір баға ұсынысын бере алады:
• әлеуетті жеткізушінің атауы;
• Жеткізілетін Тауардың атауы, сипаттамасы және саны;
• Шыққан елі мен өндіруші зауыт (жұмыстарды, қызметтерді сатып алған кезде толтырылмайды);
• Тауар жеткізуге байланысты шығыстары енген Тауардың бірлік бағасы мен жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші қатысу үшін баға ұсыныстарын берген тауарды сатып алу атауы.
Әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын өз қолымен бергенде, әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқына берілген әлеуетті жеткізушінің мүдделерін қорғайтын тұлғаларына жеке басын куәландыратын құжат көшірмесімен сенімхатты беруге тиіс.
Баға ұсыныстарын пошта арқылы жібергенде, конверттің беткі жағында қосымша ескертпе болуы тиіс: «2018 жылғы «30» қараша 11 сағат 00 минутқа дейін ашылмасын».
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттенеді:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық.
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.