Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен дөңгелектің майысқанын түзетуге және теңестіруге арналған стенд пен электргидравликалық көтергішке техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыстарды сатып алу туралы хабарландыру (Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді берген күні мен уақыты: 2019 жылғы 30.01., сағат 11:00 бастап 2019 жылғы 06.02., сағат 11:00 дейін.)

1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – [email protected] .
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, тел.: 2 59 91 44, электронды мекенжайы – [email protected] .
баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен Дөңгелектің майысқанын түзетуге және теңестіруге арналған стенд пен электргидравликалық көтергішке техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыстарды сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарландырады және
көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады
2. Жұмыс атауы және қысқаша сипаттамасы:

Лот

Жұмыс атауы

Сипаттамасы

Өлшем бірлігі Саны ҚҚС есептемегендегі сатып алуға бөлінген жалпы сома,
теңгемен
Жұмысты орындау орны
1 2 3 4 5 6 7
1 Дөңгелектің майысқанын түзетуге және теңестіруге арналған стенд пен электргидравликалық көтергішке техникалық қызмет көрсету және жөндеу Жөндеу және тоқсандық техникалық қызмет көрсету: LAUNCH дөңгелегінің майысқанын түзетуге және теңестіруге арналған стенд –1 дана. LAUNCH электргидравликалық көтергіші 4т. –1 дана.

 

Жұмыс 1 309 230,00 Алматы қаласы, Ермак көшесі, 24

Жұмысты сатып алуға бөлінген жалпы сома – ҚҚС сомасын есептемегенде 309 230,00 (үш жүз тоғыз мың екі жүз отыз) теңге 00 тиын.
3. Жұмыс орындалатын орын Шарт талаптарына сәйкес.
4. Жұмысты орындау талап етілетін мерзімдер қос Тарап Шартқа қол қойған күннен бастап 2019 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңді құрайды.
5. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді берген күні мен уақыты:
2019 жылғы 30.01., сағат 11:00 бастап 2019 жылғы 06.02., сағат 11:00 дейін.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты:
2019 жылғы 06.02., 11:30 сағатта.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беретін және оларды ашатын орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8 (050010), Алматы қаласы, Қонаев көш., 181. № 204 кабинет.
7. Жұмыс үшін ақы төлеудің талап етілетін тәртібі Шарт талаптарына сәйкес.
8. Сатып алу туралы шарт жобасы маңызды талаптарымен және техникалық ерекше нұсқамасымен қоса беріледі.
1) Әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтер мен құжаттардан тұратын әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) бекітілген тек бір баға ұсынысын бере алады:
• әлеуетті жеткізушінің атауы;
• орындалатын Жұмыс атауы, сипаттамасы және саны;
• шыққан елі мен өндіруші зауыт (жұмыстарды, қызметтерді сатып алған кезде толтырылмайды)
• Жұмыс бірлігінің бағасы мен Жұмысты орындауға байланысты оның шығыстары қоса қамтылған жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші қатысу үшін баға ұсыныстарын берген жұмыстарды сатып алу атауы.
Баға ұсыныстарын пошта арқылы жібергенде, конверттің беткі жағында қосымша ескертпе болуы тиіс: «2019 жылғы «06» ақпан 11 сағат 30 минутқа дейін ашылмасын».
Әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын өз қолымен бергенде, әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқына берілген әлеуетті жеткізушінің мүдделерін қорғайтын тұлғаларына жеке басын куәландыратын құжат көшірмесімен сенімхатты беруге тиіс.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттенеді:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.

Получить документацию

Comments are closed.