Сатып алу туралы хабарландыру
Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, электронды мекенжайы – [email protected]
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98: тел: 259-91-80, электронды мекенжайы – [email protected]
баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен дала шамын және жарық диодты шамды сатып алуды өткізу туралы хабарландырады
Атауы және қосымша ақпарат:
№ Лота | Тауар атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Бірлік үшін бағасы теңге (ҚҚС есептемегенде) | Жалпы сома теңге (ҚҚС есептемегенде) | Тауар сипаттамасы |
1 |
Дала шамы |
дана |
4 |
2 500,00 |
10 000,00 |
Сыртта орналастыруға арналған шар (мөлдір плафон, диаметрі 250 мм, кернеу 220-230В, цоколь – Е27) |
2 |
Жарық диодты шам |
дана |
55 |
2 300,00 |
126 500,00 |
СПОТ – R 80 шамға арналған жарық диодты шам (қуаттылығы12 Вт. Қуаттандыру кернеуі 220-240В. Цоколь Е 27) |
Сатып алуға бөлінген жалпы сома: – ҚҚС есептемегенде 136 500,00 теңге.
Тауар жеткізу орны – Алматы қ., Ермак к-сі 24, тел.: 2 599 -180;
Тауар жеткізу мерзімі және ақы төлеу талаптары Шарт талаптарына сәйкес.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын жеткізетін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, №401 бөлме.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді беру күні мен уақыты:
«29» қазан 2015ж. сағат 09: 00 бастап «05» қараша 2015ж. сағат 09:30 дейін
Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты:
«05» қараша 2015ж. сағат 10:00.
Сатып алу туралы шарт жобасы тауардың техникалық ерекше сипаттамасымен қоса жіберіледі.
1) Әр әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтерді құрайтын, тек бір баға ұсынысын бере алады:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжат) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• орындалатын жұмыс атауы;
• жұмысты орындау орны мен мерзімі;
• ҚҚС сомасын есептемегендегі жұмыстың бірлігі үшін бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық мекенжайы
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын беруге қатысу үшін тауарлар, жұмыстар, қызметтерді сатып алу атауы.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттеледі:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылғаны туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.