Сатып алу туралы хабарландыру
Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, электронды мекенжайы – [email protected]
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98: тел: 259-91-44, электронды мекенжайы – [email protected]
баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен дизель – генераторға (Көктем 3/21) техникалық қызмет көрсету жөнінде жұмыстарды сатып алуды өткізу туралы хабарландырады.
Сатып алуға бекітілген жалпы сома:
Лоттар | Атауы | Саны | Өлшем бірлігі |
Бірлік үшін бағасы
(теңге) |
Жоспар ланған сома (теңге) |
Жабдықтың атауы және ТҚ мерзімділігі | Жұмыстарды орындау жері |
№ 1 Лот |
Дизель – генераторға (Көктем 3/21) техникалық қызмет көрсету
|
1 | Жұмыс | 215 000,00 | 215 000,00 |
Дизель-генератор AUSONIA TETIDE, 685 kVA, 1997 ж.ш. – 1дана.; Дизель-генератор TEKSAN TJ750DW5A, 750 kVA , 2011 ж.ш. – 1дана.
Тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша 1жылда 1 рет |
Алматы қ., «Көктем-3» ы/а |
Техникалық сипаттама (Шартқа 1, 2 -Қосымша) және ақы төлеу талаптары Шарт талаптарына сәйкес.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын жеткізетін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, №401 бөлме.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді беру күні мен уақыты:
«18» қаңтар 2016ж. сағат 09:00 бастап «25» қаңтар 2015ж. сағат 09:30 дейін
Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты:
«25» қаңтар 2016ж. сағат 10:30.
Сатып алу туралы шарт жобасы және қосымша ақпарат қоса жіберіледі.
1) Әр әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтерді құрайтын, тек бір баға ұсынысын бере алады:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжат) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• орындалатын жұмыс атауы;
• жұмысты орындау орны мен мерзімі;
• ҚҚС сомасын есептемегендегі жұмыстың бірлігі үшін бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық мекенжайы
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын беруге қатысу үшін тауарлар, жұмыстар, қызметтерді сатып алу атауы.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттеледі:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылғаны туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.