1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8, Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – [email protected] .
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, A25Y5E8, Алматы қ., Қонаев көш., 181, тел.: 258-88-21, электронды мекенжайы – [email protected] .
баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен электр бұйымдарын (бұдан әрі – Тауар) сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады
2. Сатып алынатын Тауардың атауы, саны, құны және қысқаша сипаттамасы:
Лот № | Тауар атауы | Сатып алынатын Тауардың қысқаша сипаттамасы | Өлшем бірлігі | Саны, көлемі | Бірлігі үшін бағасы, теңгемен (ҚҚС есептемегенде) | Сатып алуға бөлінген жалпы сома, теңгемен (ҚҚС есептемегенде) |
1
|
Шырағдан | Сән сәулелі шырағдан. МЕМ СТ НТТ, цоколь-Е27, шар диаметрі -400мм, ҚЖШ көзі-150Вт, 220В, шырағдан негізі және ПК (поликарбонат) немесе ПММА (полиметилметакрилат) шары, шар түсі-күңгірт, тірекке (бағанға) орнатылады диаметрі 60мм-лік, кепілдік – 2 жыл. | дана | 65 | 7 000,00 | 455 000,00 |
2 | Шырағдан |
ШЫҒУДЫ көрсететін шырағдан. TDM Топаз-220-ҚКР күзет-өрт хабарландырғышы. “Шығу” 220 В жарықты күзет-өрт хабарландырғышы резервтік қоректену көзімен бірге. «Топаз» жарықтық күзет-өрт хабарландырғыштары эвакуациялық шығу жолдарын көрсетуге, сондай-ақ қоғамдық және өндірістік үй-жайларында ақпараттық табло ретінде арналған. Қаңқа конструкциясы жоғары сапалы ABS-пластиктен жасалған. Әмбебеп қаңқада түрліше орындауға болады: 12немесе 24 В кернеулі тұрақты ток торабында; 230 В айнымалы топ торабында жұмыс істеуге арналған; қоректену көздерінің резерві бар. Жарық көзі – жарықдиодты. Тең көлемді көмескі жарықтың артықшылығы аса жарық жарықдиодты жазулармен. Бітеуішпен жабылатын өзі кескіш көмегімен жабынға жарық көрсеткішті оңтайлап бекіту.Жазуды өзгертуге мүмкіндік бар. Аккумулятордың жұмыс істеу уақыты (Топаз-220-ҚКТ моделіне арналған) автономды режимде 10 сағат айналасында.
Жарық көрсеткіштің кері жағында сақтау және тасымалдау кезінде аккумуляторды ажыратуға арналған қайта ажыратып-қосқыш орнатылған. Хабарландырғыш полиэтилен пакетке орамдалған және жеке ақпараттары мен штрихкодтары бар жеке стикермен жабдықталған, кепілдік – 2 жыл. |
дана | 50 | 5 700,00 | 285 000,00 |
3 | Жарықдиодты шырағдан | Жарықдиодты шырағдан. Жұмыс кернеуі 85-245 В, тұтынатын қуаты 50 Вт, габариттері (мм) 525х240х90, жарық ағыны 5000 лм, шам пішіні – әбжылан пішінді, қаңқасының материалы – анодталған жабынды алюминий құймасы, қаңқа түсі-сұр, бекіту түрі – консоль, шегенделетін диаметр –60 мм-ге дейін, колба-силикатты шыңдалған әйнек, шашыратқыш – мөлдір, жарық шоғының бұрышы– 120 градус, жарық ағынының толықсу коэффициенті – кемінде 5%, қорғаныс деңгейі – IP65, кепілдік – 2 жыл. | дана | 50 | 13 000,00 | 650 000,00 |
4 | Прожектор | Жарықдиодты прожектор. Тұтыналатын қуат 50 Вт, кернеуі 220 В, жарықтық ағын кемінде 5000 лм, түстік температура 6000-6500 К, кернеуі 220 В, қара металл қаңқалы, шашыратқыш -әйнек, қорғаныс деңгейі– IP65, бекітуге арналған арнайы қапсырмамен жабдықталған, кепілдік – 2 жыл. | дана | 3 | 13 000,00 | 39 000,00 |
5 | Шырағдан | Жарықдиодты шырағдан (Жарықдиодты шырағдан, шаршы пішінді 145х145 мм,, аспалы төбеге кіріктірілген, қуаттылығы 9 Вт, түр-түстік температурасы 4000-4500 К, кернеуі 220 В, ақ металл қаңқасы аспалы төбеге бекітуге арналған арнайы қыспалармен жарақталған, шашыратқышы – күңгірт), кепілдік – 2 жыл | дана | 18 | 3 500,00 | 63 000,00 |
3. Сатып алынатын Тауардың техникалық ерекше сипаттамасы: шарт талаптарына сәйкес (әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарымен бірге сатып алынатын Тауардың қол қойылған техникалық ерекше сипаттамасын беруі қажет).
4. Тауар жеткізілетін орын – шарт талаптарына сәйкес.
5. Тауар жеткізілетін мерзім: шарт талаптарына сәйкес.
6. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беруді бастау мерзімі: 2019 жылғы «13» наурызда Астана қ. уақыты бойынша 09 сағат 00 минутта, мына мекенжай бойынша: A25Y5E8, Алматы қаласы, Қонаев көш., 181. № 204 кабинет.
7. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беруді аяқтау мерзімі: 2019 жылғы «20» наурызда Астана қ. уақыты бойынша 09 сағат 30 минутта, мына мекенжай бойынша: A25Y5E8, Алматы қаласы, Қонаев көш., 181. № 204 кабинет.
8. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2019 жылғы «20» наурызда Астана қ. уақыты бойынша 10 сағат 00 минутта, мына мекенжай бойынша: A25Y5E8, Алматы қаласы, Қонаев көш., 181. № 204 кабинет.
9. Тауарды сатып алу туралы шарт жобасы маңызды талаптары көрсетіле отырып, оның ішінде техникалық талаптары қоса беріледі.
10. Әлеуетті жеткізуші Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы №192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларына (бұдан әрі – ҚРҰБ Қағидасы) 8-Қосымшаға сәйкес, мынадай мәліметтер мен құжаттарды қамтитын әлеуетті жеткізушінің қолы мен мөрі (бар болса) қойылып бекітілген үлгілік нысанмен тек бір ғана баға ұсынысын береді:
1) әлеуетті жеткізушінің атауы және нақты мекенжайы;
2) жеткізілетін Тауар атауы, сипаттамасы және саны;
3) Тауар жеткізілетін орын мен мерзімдері;
4) Тауардың бірлігі бағасы және Тауарды жеткізуге байланысты шығыстары қоса қамтылған жалпы бағасы;
ҚРҰБ Қағидасының 140-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, баға ұсыныстарын беру мерзімі өткеннен кейін әлеуетті жеткізуші берген баға ұсынысына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге рұқсат етілмейді.
11. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беруі өткізілген сатып алу талаптарында және ҚРҰБ Қағидаларында көзделген талаптарды сақтай отырып, тауар жеткізуді, жұмысты орындауды, қызмет көрсетуді жүзеге асыруға оның келісімен білдіру формасы болып табылады.
12. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын беруді аяқтау уақыты мен датасына дейін мөр басылған конвертпен беріледі.
Әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын өз қолымен бергенде, әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқына берілген әлеуетті жеткізушінің мүдделерін қорғайтын тұлғаларына жеке басын куәландыратын құжат көшірмесімен сенімхатты беруге тиіс.
13. Әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстары бар мөрленген конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
1) әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы, БСН/ЖСН;
2) сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген мәліметтерге сәйкесетін тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушы) атауы мен пошталық мекенжайы;
3) қатысу үшін әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын берген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу атауы.
14. Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттенеді:
1) Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін:
2) Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
3) ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
4) Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
5) Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
15. Жеке кәсіпкер үшін:
1) ЖК тіркеу туралы куәлік;
2) Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
3) Жеке куәлігі;
4) ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).