Сатып алу туралы хабарландыру
Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, электронды мекенжайы – [email protected]
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98; тел.: 259-91-80, электронды мекенжайы – [email protected]
баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен электр бұйымдарын сатып алуды өткізу туралы хабарландырады
Атауы және қосымша ақпарат:
Лот № | Тауар атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Тауардың сипаттамасы |
1 |
Спорт алаңына арналған прожектор |
дана |
4 |
Жарықдиодты прожектор: Сипаттамасы: Қуаттылығы – 200 Вт.; Кернеуі – 220 В; Бекіткіш түрі – беттің жазықтығына тұрақты; Қорғаныш деңгейі – IP65. |
2 |
Стартер 4-22W |
дана |
1000 |
Стартер (Қуаттылығы 2-22 Вт. Қуат беру кернеуі 220-240В) |
3 |
Шам |
дана |
4 |
Ғимараттың сыртқы көмескі жарығына арналған спиральді қуат үнемдейтін шам (кернеуі 220-230В, қуаттылығы – 65-80Вт, цоколь – Е40) |
4 |
Шам |
дана |
10 |
Жарықдиодты шам (колба пішіні – Майшам, қуаттылығы 5 Вт. Қуат беру кернеуі 220-240В. Цоколь Е 14, 4100К-жайлы бейтарап түс) |
5 |
Шам |
дана |
4 |
Айналмалы люминесцентті шам (колба түрі – екі шиырлы, кернеуі 220-230В, қуаттылығы – 83Вт, суық жарықты) |
Лот бойынша тауарды сатып алуға бөлінген сомасы:
№1 лот «Спорт алаңына арналған прожектор» – ҚҚС есептемегенде 112 000,00 теңге;
№2 лот «Стартер 4-22W» – ҚҚС есептемегенде 94 690,00 теңге;
№3 лот «Шам» – ҚҚС есептемегенде 10 700,00 теңге;
№4 лот «Шам» – ҚҚС есептемегенде 24 600,00 теңге;
№5 лот «Шам» – ҚҚС есептемегенде 10 980,00 теңге.
Тауарды жеткізу орны – Алматы қ., Ермак көш. 24, тел.: 2 599-180;
Шарт талаптарына сәйкес тауарды жеткізу мерзімі және ақы төлеу талабы.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын жеткізетін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, №401 бөлме.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді беру күні мен уақыты:
«06» қазан 2015ж. сағат 09:00 бастап «13» қазан 2015ж. сағат 09:30 дейін.
Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты:
«13» қазан 2015ж. сағат 10:00-де.
Сатып алу туралы шарт жобасы тауардың техникалық сипаттамасымен қоса жіберіледі.
1) Әр әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтерді құрауы керек тек бір баға ұсынсын береді:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжатының) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• жеткізілетін тауар атауы;
• жеткізілетін тауар орны мен мерзімі;
• ҚҚС сомасын есептемегендегі тауар бірлігі үшін бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын беруге қатысу үшін тауарлар, жұмыстар, қызметтерді сатып алу атауы.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттеледі:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.