1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – [email protected] .
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, тел.: 259-91-81, электронды мекенжайы – [email protected] .
баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен етіктерді және шәркелерді
сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады
2. Тауар атауы және қысқаша сипаттамасы:
Лоттар | Тауар атауы | Тауардың қысқаша сипаттамасы | Өлшем бірлігі | Саны | ҚҚС есептемегенде бірлігі үшін бағасы, теңгемен | ҚҚС есептемегенде сатып алуға бөлінген жалпы сома, теңгемен |
№1 Лот | Етіктер (ботинкалар) | Етіктер (ботинкалар), түсі қара, материалы былғары, ұлтанында ірі протекторы бар. Етіктер жинағымен орамдалуы тиіс: 15 дана (мөлшері): 40-3, 41-1, 42-3, 43-4, 44-4. 16 дана (мөлшері):40-4, 41-2, 42-5, 43-3, 44-2. 7 дана (мөлшері): 39-1, 42-4, 43-2. 5 дана (мөлшері): 40-1, 41-1, 42-1, 43-2. Жеткізуші жеткізу басталғанға дейін тапсырыс берушімен келісуге етіктердің көрнекті үлгілерін беруі тиіс. | Жұп | 43,00 | 11 449,00 | 492 307,00 |
№2 Лот | Былғары шәркелер |
Былғары шәркелер, түсі қара, сірі жоқ. Етіктер жинағымен орамдалуы тиіс:
28 дана(мөлшері): 36-6, 37-4, 38-4, 39-8, 42-6. 38 дана(мөлшері): 36-2, 37-8, 38-7, 39-7, 40-8, 41-6. 6 дана(мөлшері): 36-3, 37-3. 18 дана(мөлшері): 35-2, 36-4, 37-2, 38-6, 39-4. 18 дана(мөлшері): 36-8, 38-4, 39-4, 40-2. Жеткізуші жеткізу басталғанға дейін тапсырыс берушімен келісуге етіктердің көрнекті үлгілерін беруі тиіс. |
Жұп | 108,00 | 2 862,25 | 309 123,00 |
№3 лот | Резеңке етіктер |
Көлемі: 40-5, 41-4, 42-6, 43-7, 44-5
Жеткізуші жеткізу басталғанға дейін тапсырыс берушімен келісуге етіктердің көрнекті үлгілерін беруі тиіс. |
Жұп | 27,00 | 2 044,79 | 55 209,33 |
Тауарды сатып алуға бөлінген жалпы сома – ҚҚС сомасын есептемегенде 856 639,33 (сегіз жүз елу алты мың алты жүз отыз тоғыз) теңге 33 тиын.
3. Тауар жеткізетін орын – Алматы қаласы, Ермак көшесі, 24.
4. Тауар жеткізу талап етілетін мерзімдер қос Тарап Шартқа қол қойған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күнді құрайды.
5. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді берген күні мен уақыты: 2018 жылғы 18.10., 09:30 сағаттан бастап 2018 жылғы 25.10. , 09:30 сағатқа дейін.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2018 жылғы 25.10., 10:00 сағатта.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беретін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8 (050010), Алматы қаласы, Қонаев көш., 181. № 204 кабинет.
7. Тауар үшін ақы төлеудің талап етілетін тәртібі Шарт талаптарына сәйкес.
8. Сатып алу туралы шарт жобасы Тауардың маңызды талаптары және сипаттамасы көрсетіліп қоса беріледі.
1) Әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтер мен құжаттардан тұратын әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) бекітілген тек бір баға ұсынысын бере алады:
• Әлеуетті жеткізушінің атауы;
• Жеткізілетін Тауардың атауы, сипаттамасы мен саны;
• Шыққан елі мен өндіруші зауыт (жұмыстарды, қызметтерді сатып алған кезде толтырылмайды)
• Тауар жеткізуге байланысты шығыстары енген Тауардың бірлігі үшін бағасы мен жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші қатысу үшін баға ұсыныстарын берген тауарды сатып алу атауы.
Баға ұсыныстарын пошта арқылы жібергенде, конверттің беткі жағында қосымша ескертпе болуы тиіс: «2018 жылғы 25 қазан 10 сағат 00 минутқа дейін ашылмасын».
Әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын өз қолымен бергенде, әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқына берілген әлеуетті жеткізушінің мүдделерін қорғайтын тұлғаларына жеке басын куәландыратын құжат көшірмесімен сенімхатты беруге тиіс.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттенеді:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.