Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен газды өртсөндіргіштерге техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерді сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарландыру (Баға ұсыныстары бар конверттерді әлеуетті жеткізушінің беру күні мен уақыты: 2019 жылғы 17.01. сағат 10:00 – ден бастап 2019 жылғы 24.01. сағат 10:00 -ға дейін)

1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, 050010, Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – [email protected] .
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, 050010, Алматы қ., Қонаев көш., 181, тел.: 259-91-81, электронды мекенжайы – [email protected] .
баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен газды өртсөндіргіштерге техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерді (Қонаев, 181)
сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады
2. Қызмет атауы және қысқаша сипаттамасы:

Лот Қызмет атауы Қызметтің қысқаша сипаттамасы Өлшем бірлігі Саны ҚҚС есептемегендегі сатып алуға бөлінген жалпы сома, теңгемен Қызмет көрсету орны
1 2 3 4 5 6 7
1 Газды өртсөндіргіштерге техникалық қызмет көрсету бойынша қызмет (Қонаев, 181) 1. Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 181 мекенжайында орналасқан «Медеу» пайдалану учаскесі серверлігіндегі АСПТ-200 бақылау блогы бар автоматты газды өртсөндіргішті орнатпасына техникалық қызмет көрсету.

Қазақстан Республикасының ІІМ  2016 жылғы 29 қарашадағы №1111 «Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты өртсөндіргіш жүйелерімен және автоматты өрт дабылдамасымен жабдықтау, өрт кезінде адамдарды хабардар ету және көшіруді басқару бойынша талаптар» бұйрығымен бекітілген Техникалық регламенттерге сәйкес.

Орындау кезеңі –  апта сайын.

2. ТҚ қабылдау кезінде газды өрт сөндіргіштің жұмысқа қабілеттілігін тексеру, оның ішінде:

– бақылау-қабылдау панелдерінің жұмысқа қабілеттілігін тексеру (қажет болған жағдайда, қолайсыздықтарды жоюды жүргізу);

– баллондарда өрт сөндіргіш құрамдардың барлығын тексеру (қажет болған жағдайда  жүйенің техникалық жай-күйі актін ресімдей отырып  қайта толтыруды жүргізу);

– бақылау және қосылыстар қадағаларында жарамсыздық табылған жағдайда ауыстыру;

–  кезекші персоналды оқыту және нұсқаулықтарды құрастыру.

Орындау кезеңі –  жылына 1 рет (Шартты жасағаннан кейін).

3.Қосылыстар жай-күйін,  жүйемен басқарудың бақылау блоктарын көзбен бақылау, шаңнан, өндірістік кір-қоңнан тазарту

Орындау кезеңі –  апта сайын.

4. Кедергіні өлшеу және аспаптардың жерсіндірілгенін тексеру;

Орындау кезеңі –  апта сайын.

5. Электр тізбектерінің оңашалану кедергісін өлшеу

Орындау кезеңі –  апта сайын.

6. Баллондардағы өрт сөндіру затының сақталғанын тексеру, деталдар мен тораптардың тұтастығын тексеру.

Орындау кезеңі –  тоқсан сайын

қызмет 1 238 839,00  Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 181

Қызметті сатып алуға бөлінген жалпы сома – ҚҚС сомасын есептемегенде 238 839, 00 (екі жүз отыз сегіз мың сегіз жүз отыз тоғыз) теңге 00 тиын.
3. Қызметтерді көрсету орны – Шарт талаптарына сәйкес.
4. Қызметтерді көрсету талап етілетін мерзім – Шарт талаптарына сәйкес.
5. Баға ұсыныстары бар конверттерді әлеуетті жеткізушінің беру күні мен уақыты: 2019 жылғы 17.01. сағат 10:00 – ден бастап 2019 жылғы 24.01. сағат 10:00 -ға дейін.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2019 жылғы 24.01. сағат 10:30.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беретін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Алматы қ., 050010, Қонаев көш., 181, №204 кабинет.
7. Қызметтер үшін талап етілетін ақы төлеу талаптары – Шарт талаптарына сәйкес.
8. Маңызды талаптарын көрсете отырып сатып алу туралы шарт жобасы қоса беріледі.
1) Әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтерден және құжаттардан тұратын әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) бекітілген тек бір баға ұсынысын бере алады:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжат) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• көрсетілетін Қызметі атауы, сипаттамасы мен саны;
• Қызмет көрсету орны мен мерзімі;
• Қызмет көрсетуге байланысты шығыстары қоса есептелген Қызмет бірлігі үшін бағасы және жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші қатысу үшін баға ұсыныстарын берген Қызметті сатып алу атауы.
• Баға ұсыныстарын пошта арқылы жібергенде, конверттің беткі жағында қосымша ескертпе болуы тиіс: «2019 жылғы «24» қаңтарда 10 сағат 30 минутқа дейін ашылмасын».
• Әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын өз қолымен бергенде, әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқына берілген әлеуетті жеткізушінің мүдделерін қорғайтын тұлғаларына жеке басын куәландыратын құжат көшірмесімен сенімхатты беруге тиіс.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттенеді:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.

Получить документацию

Comments are closed.