Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен Ғимаратты жаңажылдық безендіру бойынша қызметтерді сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарландырады (Баға ұсыныстары бар конверттерді әлеуетті жеткізушінің беру күні мен уақыты: 2018 жылғы «22» 11 сағат «9:30» – ден бастап 2018 жылғы «29» 11 сағат «9:30» -ға дейін.)

1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – [email protected] .
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, тел.: 259-91-44, электронды мекенжайы – [email protected] .
баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен ғимаратты жаңажылдық безендіру бойынша қызметтерді
сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады
2. Қызмет атауы, құны және қысқаша сипаттамасы:

 

Лот

Қызмет атауы  

Сипаттамасы

Өлшем бірлігі Саны Сатып алуға бекітілген жалпы сома, ҚҚС есептемегенде, теңге Қызмет көрсету орны
1 2 3 4 5 6 7
1 Ғимаратты жаңажылдық безендіру 1.       «ЖАҢА ЖЫЛЫҢЫЗБЕН!» деген мемлекеттік тілдегі сәулелі дюралайтты жазудан жасалған панно құрылғысын жеткізу және монтаждау. Әріптердің биіктігі кемінде 1 метр. Панноның мөлшері: ұзындығы кемінде 20 метр,  биіктігі кемінде 1.20 метр. Әкімшілік ғимараттың қасбетіне панноны Тапсырыс берушінің келісімімен ғимарат балконының 5-қабаты деңгейімен монтаждау;

2.       Тапсырыс берушідегілерді монтаждау:

жарықдиодты қылаулар – 10 дана;

жарықдиодты гирляндалар (сарқырама, сәулелі жаңбыр) Безендірілетін  жалпы алаң – 60 м².

3. Даладағы шыршаларды безендіру үшін жарықдиодты гирляндаларды жеткізу және монтаждау – тор, сәулелі жаңбыр, шашақ, сарқырама, жаңа жылдық тақырыптағы шырша әшекейлері). Шыршалардың биіктігі  12 метр –  саны 10 дана.

4. Демонтаж.

Қызмет 1,00 314 580,00 Алматы қаласы, «3-Көктем» ш/а., 21-үй
2 Ғимаратты жаңажылдық безендіру 1.            Тапсырыс беруші келісімі бойынша  «ЖАҢА ЖЫЛЫҢЫЗБЕН!» деген мемлекеттік тілдегі сәулелі дюралайтты жазудан жасалған панно құрылғысын жеткізу  және монтаждау. Әріптердің биіктігі бойынша мөлшері кемінде 80 см. Панноның мөлшері:  ұзындығы  – кемінде 14 метр,  биіктігі – кемінде 1 метр. Ғимараттың қасбетіне панноны  3-қабаттан жоғары емес жерге монтаждау (автомұнара қызметі). Демонтаж;

2.    Әкімшілік ғимараттардың кіру тобын жаңа жылдықбезендіру. Жарықдиодты гирляндаларды (сарқырама, сәулелі жаңбыр, шашақ және т.б.) жеткізу және монтаждау,  2 қатардан кем емес.  Безендірілетін  жалпы алаң – 20 м².

3.   Жарық дюралайттан жасалған көмескі жарықтары бар – «Аққала», «Шырша шары», «Бантпен байланған Сыйлық», «Сыйлық салынған дорбасы бар Санта Клаус» түріндегі  көлемді пішіндерді әкімшілік ғимарат алдына әрқайсысынан 1–ден (біреу) жеткізу және монтаждау. Пішіндердің биіктігі кемінде  1,2 м.

Қызмет 1,00 249 310,00 Алматы қаласы,

Панфилов көшесі, 98-үй

3 Ғимаратты жаңажылдық безендіру 1.        Жарық дюралайттан жасалған көмескі жарықтары бар – «Аққала»,  «Шырша шары», «Бантпен байланған Сыйлық», «Сыйлық салынған дорбасы бар Санта Клаус» түріндегі  көлемді пішіндерді әкімшілік ғимарат алдына әрқайсысынан 1 –ден (біреу) жеткізу және монтаждау . Пішіндердің биіктігі кемінде  1,2 м.

2.       Әкімшілік ғимараттың кіру тобын ресімдеуге арналған түрлі  режімдегі сәулелі динамикалы жарықдиодты гирляндалары бар қалаулары бар каркас-торда орнатылған жасанды қылқандарды жеткізу. Безендірілетін жалпы алаңы – кемінде 20 м².

Қызмет 1,00 126 260,00 Алматы қаласы,

Достық даңғылы,

136-үй

4 Ғимаратты жаңажылдық безендіру 1.        «ЖАҢА ЖЫЛЫҢЫЗБЕН!» деген мемлекеттік тілдегі сәулелі дюралайтты жазудан жасалған панно құрылғысын жеткізу  және монтаждау.  Панноның мөлшері:  ұзындығы кемінде 10 метр,  биіктігі  кемінде 1,5 метр, биіктігі 1,0 метрден аспайтын тіректе.  Әріптердің биіктігі  бойынша мөлшері кемінде 1,3 метр.  Тапсырыс берушімен келісу бойынша әкімшілік ғимарат алдында панно монтаждау.

2. Тапсырыс берушідегілерді монтаждау:

жарықдиодты қылаулар – 8 дана;

– жарықдиодты гирляндалар -17дана,

әкімшілік ғимарат қасбетіне.

3.      Жарықдиодты гирляндаларды жеткізу және монтаждау кемінде 140 қ/м,  көше шыршаларын безендіруге арналған  – тор, сәулелі жаңбыр, шашақ, сарқырама, жаңа жылдық тақырыптағы шырша әшекейлері. Шыршаның биіктігі 4 метрден аспайды, шырша саны  10 дана.

Қызмет 1,00 249 310,00 Алматы қаласы,

Әйтеке би көшесі, 67-үй

5 Ғимаратты жаңажылдық безендіру 1.Әкімшілік ғимараттың кіру тобын безендіру үшін

жарықдиодты гирляндаларды жеткізу ( тор, сарқырама, жаңбыр, шашақ және т.б.).  Жалпы алаңы – кемінде 30 м², биіктігі 6 метрге дейін.

2.Даладағы шыршаларды безендіру үшін жарықдиодты гирляндаларды жеткізу (тор, сәулелі жаңбыр, шашақ, сарқырама, жаңа жылдық тақырыптағы шырша әшекейлері). Шыршалардың биіктігі  12 метрден аспайды, шыршаның саны –  6 дана.

3. Әкімшілік ғимарат алдында металл қаңқаға дюралайттан жасалған  саны4 (төрт) дана бұғыны – сәулелі пішіндерді  жеткізу және монтаждау. Пішіндердің  биіктігі кемінде 1м.

Қызмет 1,00 126 260,00 Алматы қаласы,

Қонаев көшесі, 181-үй

6 Ғимаратты жаңажылдық безендіру 1.«ЖАҢА ЖЫЛЫҢЫЗБЕН!» деген мемлекеттік тілдегі сәулелі дюралайтты жазудан жасалған панно құрылғысын жеткізу  және монтаждау.

Панно мөлшері:  ұзындығы кемінде  6 м., биіктігі кемінде 50 см.

Тапсырыс берушімен келісу бойынша 2-қабат деңгейінде әкімшілік ғимарат қасбетінде панноны монтаждау.

Қызмет 1,00 126 260,00 Алматы қаласы,

Сәтпаев көшесі, 30/8-үй, 16398-тұрғын емес үй-жай

7 Ғимаратты жаңажылдық безендіру 1. Екі ағашты (боз арша) безендіруге арналған жарықдиодты гирляндаларды жеткізу және монтаждау. Биіктігі 2 метр.

2. Тапсырыс берушідегілерді монтаждау:

жарықдиодты қылаулар – 8 дана;

жарықдиодты гирляндалар (сәулелі жаңбыр, сарқырама) Безендірілетін  жалпы алаң – 60 м².

3. Неон жарықдиодты  фигураларды жеткізу және монтаждау.  – «Бантты қоңырау», биіктігі кемінде 60 см, ені кемінде 50 см. – 2 дана; «Шырша» биіктігі  кемінде 70 см, ені кемінде 45 см. – 2 дана.

4. Ғимараттың 3(үш) кіру тобын безендіру   үшін  жаңа жылдық тақырыптағы  жарықдиодты сүңгілерді (еріп бара жатқан) жеткізу және монтаждау. Бір сүзгінің мөлшері: ұзындығы кемінде 60см, диаметрі  кемінде 2 см. Саны – 18 дана.

5. Демонтаж.

Қызмет 1,00 250 380,00 Алматы қаласы,

Бәрібаев көшесі, 55-үй

Қызметтерді сатып алуға бөлінген жалпы сома – ҚҚС сомасын есептемегенде 1 442 360,00 (бір миллион төрт жүз қырық екі мың үш жүз алпыс) теңге 00 тиын.
3. Қызметтерді көрсету орны – Шарт талаптарына сәйкес.
4. Қызметтерді көрсету талап етілетін мерзім – Шартқа қол қойған күннен бастап 2018 жылғы 20 желтоқсанға дейінгі аралықтағы кезеңді құрайды.
5. Баға ұсыныстары бар конверттерді әлеуетті жеткізушінің беру күні мен уақыты: 2018 жылғы «22» 11 сағат «9:30» – ден бастап 2018 жылғы «29» 11 сағат «9:30» -ға дейін.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2018 жылғы «29» 11 сағат 10:00.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын жеткізетін және оларды ашатын орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Алматы қ., A25Y5E8 (050010), Қонаев көш., 181, №204 кабинет.
7. Көрсетілетін Қызметтер үшін талап етілетін ақы төлеу талаптары – Шарт талаптарына сәйкес.
8. Маңызды талаптарын көрсете отырып сатып алу туралы шарт жобасы қоса беріледі.
1) Әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтерден тұратын әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) бекітілген тек бір баға ұсынысын бере алады:
• әлеуетті жеткізушінің атауы;
• Көрсетілетін Қызметтің атауы, сипаттамасы мен саны;
• Шыққан елі мен өндіруші зауыт (жұмыстарды, қызметтерді сатып алған кезде толтырылмайды);
• Қызмет көрсетуге байланысты шығыстары енген Қызметтің бірлігі үшін бағасы мен жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші қатысу үшін баға ұсыныстарын берген тауарды сатып алу атауы.
Баға ұсыныстарын пошта арқылы жібергенде, конверттің беткі жағында қосымша ескертпе болуы тиіс: «2018 жылғы «29» 11 сағат 10:00 минутқа дейін ашылмасын».
Әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын өз қолымен бергенде, әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқына берілген әлеуетті жеткізушінің мүдделерін қорғайтын тұлғаларына жеке басын куәландыратын құжат көшірмесімен сенімхатты беруге тиіс.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттенеді:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.

Получить документацию

Comments are closed.