1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8, Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – [email protected] .
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, A25Y5E8, Алматы қ., Қонаев көш., 181, тел.: 258-88-21, электронды мекенжайы – [email protected] .
баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен көпфункционалды құрылғыны сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады
2. Тауар атауы, құны және қысқаша сипаттамасы:
Лоттар | Атауы | Тауардың қысқаша сипаттамасы | Өлшем бірлігі | Саны | Бірлігі үшін бағасы, теңгемен (ҚҚС есептемегенде) | Сатып алуға бекітілген жалпы сома, теңгемен (ҚҚС есептемегенде) |
№ 1 Лот | Көпфункционалды құрылғы |
Функциялары: Басып шығару, көшіру, сканерлеу, факс
Көп міндеттілікті қолдау: ия Басып шығару Қара-ақ түспен басып шығару жылдамдығы: Қалыпты режим: минутына кемінде 40 бет. Бірінші бетті басып шығару (дайындық режимі): қара-ақ: 8 секундқа дейін Жүктеме (айына A4 пішімімен): кемінде 75 000 беттен бастап Ай сайынғы басып шығаруға кеңес етілген көлем: 2000- 6000 Басып шығару технологиясы: Лазерлік Қара-ақ түспен басып шығару сапасы (барынша сапалы режим): 1200-ден x 1200 н/д. Басып шығару кезіндегі ажыратымдылық: 1200-ден (600 x 600 н/д), 1200 (1200 x 1200 н/д), 600 x 600 н/д Принтерді басқару тілдері: PCL 6, PCL 5; PCLm. Дисплей: Сенсорлы СК-дисплей, диагоналы- 8,89 см (түрлі-түсті графика). Процессордың тезәрекеті: 800 МГц-тен бастап Қағаз түрін автоматты белгілеуге арналған қадаға: жоқ Көпфункциялы құрылғының жан-жақты техникалық ерекше сипаттамасы Хабарландыруға №1 Қосымшада көрсетілген. |
жинақ | 1 | 309 608,92 | 309 608,92 |
3.Тауар жеткізу талап етілетін мерзімдері – қос Тарап Шартқа қол қойған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн.
4. Тауар жеткізетін орын – Алматы қаласы, Ермак көшесі, 24.
5. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді берген күні мен уақыты: 2019 жылғы «17» қаңтарда 09:00 сағаттан бастап 2019 жылғы «24» қаңтарда , 11:00 сағатқа дейін.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 9 жылғы «24» қаңтарда, 11:30 сағатта.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беретін және олардың ашылатын орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8, Алматы қаласы, Қонаев көш., 181. № 204 кабинет.
7. Жеткізілетін Тауар үшін ақы төлеудің талап етілетін тәртібі Шарт талаптарына сәйкес.
8. Сатып алу туралы шарт жобасы Тауардың маңызды талаптары және техникалық сипаттамасы көрсетіліп қоса беріледі.
1) Әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтерден тұратын әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) бекітілген тек бір баға ұсынысын бере алады:
• әлеуетті жеткізушінің атауы;
• Жеткізілетін Тауардың атауы, сипаттамасы және саны;
• Шыққан елі мен өндіруші зауыт (жұмыстарды, қызметтерді сатып алған кезде толтырылмайды);
• Тауар жеткізуге байланысты шығыстары енген Тауардың бірлік бағасы мен жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші қатысу үшін баға ұсыныстарын берген тауарды сатып алу атауы.
• Әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын өз қолымен бергенде, әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқына берілген әлеуетті жеткізушінің мүдделерін қорғайтын тұлғаларына жеке басын куәландыратын құжат көшірмесімен сенімхатты беруге тиіс.
Баға ұсыныстарын пошта арқылы жібергенде, конверттің беткі жағында қосымша ескертпе болуы тиіс: «2019 жылғы «24» қаңтарда 11 сағат 30 минутқа дейін ашылмасын».
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттенеді:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.