Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен көтергіштерге, домкраттарға, компрессорларға, гараж және шинамонтаждық құрал-жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыстарды сатып алу туралы хабарландыру (Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді берген күні мен уақыты: 2019 жылғы 30.01. сағат 10:00 бастап 2019 жылғы 06.02. сағат 10:00 дейін.)

1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – [email protected] .
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, тел.: 259-91-44, электронды мекенжайы – [email protected] .
баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен көтергіштерге, домкраттарға, компрессорларға, гараж және шинамонтаждық құрал-жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыстарды сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады.
2. Жұмыс атауы және қысқаша сипаттамасы:

Лот Жұмыс атауы

Сипаттамасы

Өлшем бірлігі Саны ҚҚС есептемегендегі сатып алуға бөлінген жалпы сома,
теңгемен
Жұмысты орындау орны
1 2 3 4 5 6 7
1 Көтергіштерге, домкраттарға, компрессорларға, гараж және шинамонтаждық
құрал-жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу
Көтергіштерге, домкраттарға, компрессорларға және шинамонтаждық құрал-жабдықтарға техникалық қызмет көрсету бойынша жартыжылдық (маусымдық) және жөндеу жұмыстары: 2-тіреуішті жүк көтергіштігі 4 т. автокөтергіш – 1 дана;
гараждық көтергіш – 1 дана.
трансмиссияларға арналған көтергіш (бір штокты трансмиссиялық тіреу), көтеру биіктігі – 1140/1990 мм – 1 дана, гараждық домкрат LM4405 – 2 дана., жылжымалы домкрат SCI15N 1500 – 1 дана, домкрат – жылжымалы
3 т. – 2 дана. компрессор – 1 дана.
Зиф 55 ВМ компрессорлары – 1 дана,
Поршенді компрессор – 1 дана,
компрессор 016-С-412– 1 дана,
жылжымалы компрессор – 1 дана, бір фазалы жылжымалы компрессор – 1 дана, отын жүйесін жууға арналған аппарат – 1 дана, мотор тестер – сканер – 1 дана,
теңгеруші білдек – 1 дана,
шинамонтаждық білдек – 1 дана,
тельфер ж/к 0,5 тонналық – 2 дана,
тельфер ж/к 1 тонналық – 1 дана.
жұмыс 1 501 295,00 Алматы қаласы, Ермак көшесі, 24

Жұмысты сатып алуға бөлінген жалпы сома – ҚҚС сомасын есептемегенде 501 295,00 (бес жүз бір мың екі жүз тоқсан бес) теңге 00 тиын.
3. Жұмыс орындалатын орын: Шарт талаптарына сәйкес.
4. Жұмысты орындаудың талап етілетін мерзімі қос Тарап Шартқа қол қойған күннен бастап және 2019 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңді құрайды.
5. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді берген күні мен уақыты: 2019 жылғы 30.01. сағат 10:00 бастап 2019 жылғы 06.02. сағат 10:00 дейін.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2019 жылғы 06.02. сағат 10:30.
Әлеуетті жеткізушілер баға ұсыныстарын ұсынатын және ашатын жері – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, №204 кабинет.
7. Жұмыс үшін талап етілетін ақы төлеу жағдайлары Шарт талаптарына сәйкес.
8. Сатып алу туралы шарт жобасы маңызды талаптарын көрсете отырып қоса беріледі.
1) Әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтер мен құжаттардан тұратын әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) бекітілген тек бір баға ұсынысын бере алады:
• әлеуетті жеткізушінің атауы;
• орындалатын Жұмыс атауы, сипаттамасы және саны;
• шыққан елі және өндіруші зауыт (жұмыс, қызмет сатып алу кезінде толтырылмайды);
• Жұмыс бірлігі үшін бағасы және Жұмысты орындауға байланысты шығыстарды қамтитын жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші қатысу үшін баға ұсыныстарын берген жұмыстарды сатып алу атауы.
Баға ұсыныстарын пошта арқылы жібергенде, конверттің беткі жағында қосымша ескертпе болуы тиіс: «2019 жылғы «06» ақпан 10 сағат 30 минутқа дейін ашылмасын».
Әлеуетті жеткізуші немесе олардың уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын қолма-қол берген жағдайда әлеуетті жеткізушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқығына әлеуетті жеткізушінің мүддесін білдіретін тұлғалардың сенімхаттарын, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен бірге беруі керек.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттенеді:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық.
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.

Получить документацию

Comments are closed.