Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен кабинеттерді ағымдағы жөндеу бойынша жұмысты сатып алуды өткізу туралы хабарландыру. (Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2015 жылғы «03» тамыз сағат 10:00-де)

Сатып алу туралы хабарландыру

Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, электронды мекенжайы – [email protected]
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98; тел.: 259-91-80, электронды мекенжайы – [email protected]
баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен кабинеттерді ағымдағы жөндеу бойынша жұмысты сатып алуды өткізу туралы хабарландырады.
Жұмыстың атауы және қысқаша сипаттамасы:
–    Алматы қаласы, «Көктем-3» шағынауданы, 21-үй мекенжайындағы әкімшілік ғимараттың 5-қабатында орналасқан кабинеттерді ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды Тапсырыс берушінің бекітілген жұмыс көлемінің ведомосы және құрылыс құнының сметалық есебіне сәйкес орындау.
Сатып алуға бекітілген жалпы сома – ҚҚС есептемегенде 4 545 241,07 теңге,
Жұмысты орындау орны – Алматы қ., «Көктем-3» шағынауданы, 21-үй.
Шарт талаптарына сәйкес жұмысты орындау мерзімі және ақы төлеу талабы.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын жеткізетін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, №401 бөлме.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді беру күні мен уақыты:
2015 жылғы «27» шілде сағат 09:00-ден бастап 2015 жылғы «03» тамыз сағат 09:30-ға дейін.
Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты:
2015 жылғы «03» тамыз сағат 10:00-де.
Сатып алу туралы шарт жобасы және техникалық ерекше нұсқамасымен қоса жіберіледі.
1) Әр әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтерді құрауы керек тек бір баға ұсынсын береді:
•    әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжатының) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
•    орындалатын жұмыс атауы;
•    2в нысаны бойынша құнның сметалық есебі;
•    орындалатын жұмыс орны мен мерзімі;
•    ҚҚС сомасын есептемегендегі жұмыс бірлігі үшін бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
•    әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық мекенжайы;
•    сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
•    әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын беруге қатысу үшін тауарлар, жұмыстар, қызметтерді сатып алу атауы.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттеледі:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін:
•    Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
•    ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
•    Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
•    Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
•    ЖК тіркеу туралы куәлік;
•    Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
•    Жеке куәлігі;
•    ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.

Получить документацию

Comments are closed.