1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ 050010, Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – [email protected]
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, Алматы қ., Қонаев көшесі, 181; тел.: 258-88-21, электронды мекенжайы – [email protected]
хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен каналдық желдеткішті сатып алуды өткізу туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуларға қатысуға шақырады.
2. Тауардың атауы, құны және қысқаша сипаттамасы:
Лоттар |
Атауы |
Саны |
Өлшем бірлігі |
(ҚҚС есептемегендегі) бірлігі үшін бағасы, теңге | (ҚҚС есептемегендегі) сатып алуға бекітілген жалпы сомасы, теңге | Тауардың қысқаша сипаттамасы |
№ 1 лот | Каналдық желдеткіш (шеңберлі) | 1 | дана | 37 600,00 | 37 600,00 | Ауа өткізгіштің ішіне салынатын каналдық желдеткіш (шеңберлі). Мырышпен қапталған Көлемі, мм. 314х401х280 Ауа жіберуі, м3/ч – 2100 Эл. қозғ. қуаты, Вт – 250 Кернеуі, В – 220V |
3. Тауарды жеткізудің талап етілетін мерзімі Шарт талаптарына сәйкес.
4. Тауарды жеткізу орны: Алматы қаласы, Ермак көшесі, 24;
5. Баға ұсыныстары бар конверттерді әлеуетті жеткізушінің беру күні мен уақыты: 2017 жылғы «01» тамыз сағат 09:00-ден бастап 2017 жылғы «08» тамыз сағат 09:30 дейін.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты:
2017 жылғы «08» тамыз сағат 10:00минут.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын жеткізетін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ 050010, Алматы қ., Қонаев көш., 181, №204 кабинет.
7. Жеткізілетін Тауарға талап етілетін ақы төлеу талаптары Шарт талаптарына сәйкес.
8. Маңызды талаптар мен Тауардың сипаттамасын көрсете отырып сатып алу туралы шарт жобасы қоса жіберіледі.
1) Әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтерді және құжаттарды құрауы керек әлеуетті жеткізушінің қолы және мөрімен (ол бар болса) бекітілген тек бір баға ұсынсын береді:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжатының) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• Тауардың атауы, техникалық сипаттамасы;
• жеткізілетін Тауардың орны мен мерзімі;
• құрамына Тауарларды жеткізуге байланысты шығыстары қамтылған Тауардың жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын беруге қатысу үшін тауарларды сатып алу атауы.
• Әлеуетті жеткізуші немесе олардың уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын қолма-қол берген жағдайда әлеуетті жеткізушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқығына әлеуетті жеткізушінің мүддесін білдіретін тұлғалардың сенімхаттарын, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен бірге беруі керек.
• Баға ұсынысын поштамен жіберген кезде конверттің бет жағында қосымша ескертпе болуы керек: «2017 жылғы «08» тамыз сағат «10» «00» минутқа дейін ашпау керек».
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттеледі:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық.
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.