Сатып алу туралы хабарландыру
Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, электронды мекенжайы – [email protected]
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98; тел.: 259-94-12, электронды мекенжайы – [email protected]
баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен әкімшілік ғимараттарды жаңа жылдық безендіру бойынша
қызметтерді сатып алуды өткізу туралы хабарландырады
Атауы және қосымша ақпарат:
Лот №
|
Қызметтер атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Қызметтерді көрсету орны | ҚҚС-сыз бөлінген сома (теңге) | Сипаттама |
1 | Ғимараттарды жаңа жылдық безендіру | Қызмет | 1 |
Алматы қ.,
Көктем-3 ш/а/21 |
280 000,00 |
1. Панно сәулелі динамиканың бірнеше режімдерімен, мемлекеттік тілде «ЖАҢА ЖЫЛЫҢЫЗБЕН!» сәулелі дюралайтты жазуымен металл қаңқа-торда жасалады. Панно өлшемі, ұзындығы – 20 метрден кем емес, биіктігі – 1,30 метрден кем емес. Әріптердің биіктігі 1 метрден кем емес. Панно ғимараттың қасбетінде ғимараттың балконынан 5-қабаттың шамасында монтаждалады;
2. Әкімшілік ғимараттардың кіру тобын (ғимараттың 1-кіреберісі, 2-кіреберісі, 3-кіреберісі) биіктігі 5 метрге дейінгі сәуле диодты гирляндалармен (сарқырама, шымылдық, шашақ) 3 қатардан кем емес қылып жаңа жылдық безендіру. Диаметрі 80 сантиметрден кем емес сәуле диодты қар қылаулар және шыршалар, контроллері бар – 10 данадан кем емес. Безендірудің жалпы алаңы – 60 м². 3. Даладағы шыршаларды сәуле диодты гирляндалармен безендіру (сәулелі жаңбыр, сәуле диодты қар қылауының салпыншағы, жаңа жылдық тақырыптағы шырша әшекейі). Шыршалардың биіктігі 12 метр – 10 данада. 4. Демонтаждау |
2 | Ғимараттарды жаңа жылдық безендіру | Қызмет | 1 |
Алматы қ.,
Панфилов көш., 98 |
190 000,00 |
1. 3-қабаты шамасында ғимараттың қасбетінде панноны (барын) монтаждау (автовышка); Панно өлшемі: ұзындығы – 14 метр, биіктігі – 1 метр.
2. Әкімшілік ғимараттардың кіру тобын 2 қатардан кем емес сәуле диодты гирляндалармен (сарқырама, шымылдық, шашақ және т.б.); контроллері бар – 8 данадан кем емес, диаметрі 80 сантиметрден кем емес сәуле диодты қар қылаулармен жаңа жылдық безендіру. Безендірудің жалпы алаңы – 40 м² кем емес, биіктігі 8 метрге дейін. 3. Үй-жайларда жасанды шыршаларды сәуле диодты гирляндалармен кем дегенде 40 шырша әшекейін (қызыл, жасыл, алтын түстес, көк, күміс түстес түсті) жеткізу, орнату және безендіру (сәулелі жаңбыр, шашақ, сәуле диодты қар қылауының салпыншағы, жаңа жылдық тақырыптағы шырша әшекейі); шыршалардың биіктігі кем дегенде 1,7 метр. 4. Демонтаждау |
3 | Ғимараттарды жаңа жылдық безендіру | Қызмет | 1 |
Алматы қ.,
Достық даңғылы, 136 |
178 571,00 |
1. Панно сәулелі динамиканың бірнеше режімдерімен, мемлекеттік тілде «ЖАҢА ЖЫЛЫҢЫЗБЕН!» сәулелі дюралайтты жазуымен металл қаңқа-торда жасалады. Панно өлшемі, ұзындығы – 6 метрден кем емес, биіктігі – 1 метрден кем емес. Әріптердің биіктігі 60 см. кем емес. Панно ғимараттың қасбетінде ғимараттың балконынан 3-қабаттың шамасында монтаждалады;
2. Әкімшілік ғимараттардың кіру күнқағарын 2 қатардан кем емес сәуле диодты гирляндалармен (сарқырама, шымылдық, шашақ және т.б.) контроллері бар – 6 данадан кем емес, диаметрі 60 см. кем емес сәуле диодты қар қылаулармен жаңа жылдық безендіру. Безендірудің жалпы алаңы – 30 м² кем емес, биіктігі 4 метрге дейін. 3. Үй-жайларда жасанды шыршаларды сәуле диодты гирляндалармен кем дегенде 40 шырша әшекейін (қызыл, жасыл, алтын түстес, көк, күміс түстес түсті) жеткізу, орнату және безендіру (сәулелі жаңбыр, шашақ, шырша әшекейлері); шыршалардың биіктігі кем дегенде 1,7 метр. 4. Демонтаждау |
4 | Ғимараттарды жаңа жылдық безендіру | Қызмет | 1 |
Алматы қ.,
Әйтеке би көш., 67 |
260 000,00 |
1. Әкімшілік ғимараттардың кіру тобын 2 қатардан кем емес сәуле диодты гирляндалармен, қар қылауларымен (сарқырама, шымылдық, шашақ және т.б.); Контроллері бар – 8 данадан кем емес, диаметрі 80 сантиметрден кем емес сәуле диодты қар қылаулармен жаңа жылдық безендіру. Қасбетті безендірудің жалпы алаңы – ұзындығы 90 м., ұзындығы 10 метрге дейін.
2. Даладағы шыршаларды сәуле диодты торлы гирляндалармен безендіру (сәулелі жаңбыр, шашақ, сарқырама, жаңа жылдық тақырыптағы шырша әшекейі), шыршалардың биіктігі 4 метр – 10 данада. 3. 3-қабаты шамасында ғимараттың қасбетінде панноны (барын) монтаждау (автовышкаға арналған кіреберіс жол жоқ); Панно өлшемі: ұзындығы – 14 метр, биіктігі – 1 метр. 4. Демонтаждау |
5 | Ғимараттарды жаңа жылдық безендіру | Қызмет | 1 |
Алматы қ.,
Қонаев көш., 181 |
133 928,00 |
1. Әкімшілік ғимараттардың кіру тобын сәуле диодты гирляндалармен (сарқырама, жаңбыр, шашақ және т.б.), контроллері бар – 6 данадан кем емес, диаметрі 80 см кем емес сәуле диодты қар қылаулармен жаңа жылдық безендіру. Жалпы алаңы кем дегенде – 30 м², биіктігі 6 метрге дейін.
2. Даладағы шыршаларды сәуле диодты гирляндалармен безендіру (сәулелі жаңбыр, шашақ, сарқырама, жаңа жылдық тақырыптағы шырша әшекейі). Шыршалардың биіктігі 2 метрден көп емес. 3. Ғимараттың қасбетінде панноны (барын) монтаждау; Панно өлшемі: ұзындығы – 4 метр, биіктігі – 0,7 метр. 4. Демонтаждау |
6 | Ғимараттарды жаңа жылдық безендіру | Қызмет | 1 | Алматы қ., Сәтпаев көш., 30а/3 | 178 571,00 |
1. Әкімшілік ғимараттардың кіру тобын сәуле диодты гирляндалармен (сарқырама, жаңбыр, шашақ), контроллері бар – 6 данадан кем емес, диаметрі 80 см кем емес сәуле диодты қар қылаулармен жаңа жылдық безендіру. Безендірудің жалпы алаңы кем дегенде – 30 м², биіктігі 6 метрге дейін.
2. Үй-жайларда жасанды шыршаларды сәуле диодты гирляндалармен кем дегенде 40 шырша әшекейін (қызыл, жасыл, алтын түстес, көк, күміс түстес түсті) жеткізу, орнату және безендіру (сәулелі жаңбыр, шашақ, сәуле диодты қар қылауының салпыншағы, жаңа жылдық тақырыптағы шырша әшекейлері); шыршалардың биіктігі кем дегенде 1,7 метр. 3. Демонтаждау |
7 | Ғимараттарды жаңа жылдық безендіру | Қызмет | 1 |
Алматы қ.,
Бәрібаев көш., 55 |
191 000,00 |
1. Үй-жайларда жасанды шыршаларды (бар, биіктігі 2 метр шыршаны) сәуле диодты гирляндалармен (сәулелі жаңбыр), сәуле диодты қар қылауының салпыншағымен, материалы: пластик, жылтырақталған, өлшемі: диаметрі кем дегенде 8 см кем дегенде 35 ойыншықтан (ойыншық түсі: қызыл, көк, жасыл, алтын түстес, сары) жаңа жылдық тақырыптағы шырша әшекейлерімен безендіру;
2. Терезелерді сәуле диодты гирляндалармен (сарқырама, шашақ, жаңбыр) (алаңы – 16 м²), контроллері бар – 4 данада, диаметрі 80 см кем емес сәуле диодты қар қылаулармен безендіру; 3. Аумақты үрмелі пневматикалық пішінді пингвиндермен безендіру (көмескі жарығымен) – 2 данада; Биіктігі – 1,2 м. 4. Демонтаждау |
Қызметтерді сатып алуға бөлінген жалпы сома – ҚҚС есептемегенде 1 412 070,00 (бір миллион төрт жүз он екі мың жетпіс) теңге 00 тиын.
Шарт талаптарына сәйкес қызметті көрсету мерзімі және ақы төлеу талабы.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын жеткізетін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, №401 кабинет, тел.: 2 599-412.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді беру күні мен уақыты:
«13» қараша 2015ж. сағат 09:00-ден бастап «20» қараша 2015ж. сағат 09:30-ға дейін.
Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты:
«20» қараша 2015ж. сағат 10:00-де.
Сатып алу туралы шарт жобасы қызметтердің техникалық сипаттамасымен қоса жіберіледі.
1) Әр әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтерді құрауы керек тек бір баға ұсынсын береді:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжатының) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• көрсетілетін қызмет атауы;
• көрсетілетін қызмет орны мен мерзімі;
• ҚҚС сомасын есептемегендегі қызметтер бірлігі үшін бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын беруге қатысу үшін тауарлар, жұмыстар, қызметтерді сатып алу атауы.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттеледі:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.