1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ 050010, Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – [email protected]
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, 050000, Алматы қ., ., Қонаев көш., 181; тел.: 259-91-81, электронды мекенжайы – [email protected] хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мүлікті сақтандыру бойынша қызметтерді сатып алуды өткізу туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуларға қатысуға шақырады
2. Қызметтердің атауы және қысқаша сипаттамасы:
Лот № | Қызметтер атауы |
Сипаттамасы |
Өлшем бірлігі | Саны | Бірлік үшін бағасы теңге (ҚҚС есептемегендегі) |
Сатып алуға бөлінген жалпы сома, (ҚҚС есептемегендегі ) теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Мүлікті сақтандыру бойынша қызметтер | Сақтандыру жағдайының туындауы нәтижесінде балабақша ғимаратына шығындар (бұзылулар) немесе зақымдалуы тәуекелін сақтандыру | Қызмет | 1 | 352 990,00 | 352 990,00 |
1. Сатып алынатын Қызметтерге техникалық ерекше нұсқама: шарт талаптарына сәйкес (әлеуетті жеткізуші баға ұсынысымен бірге қол қойылған сатып алынатын Қызметтердің техникалық ерекше нұсқамасын беруі қажет).
2. Қызметтерді көрсету орны: Шарт талаптарына сәйкес.
3. Қызметтерді көрсетудің мерзімі: Шарт талаптарына сәйкес.
4. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беріп бастайтын мерзім: A25Y5E8, Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 181, №204 кабинет мекенжайы бойынша Астана қаласының уақытымен 2019 жылғы «14» ақпан 09 сағат 30 минут.
5. Әлеуетті жеткізушілердің беруін тоқтататын мерзім: A25Y5E8, Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 181, №204 кабинет мекенжайы бойынша Астана қаласының уақытымен 2019 жылғы «21» ақпан 09 сағат 30 минут.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: A25Y5E8, Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 181, №204 кабинет мекенжайы бойынша Астана қаласының уақытымен 2019 жылғы «21» ақпан 10 сағат 00 минут.
7. Маңызды талаптарын көрсете отырып Қызметтерді сатып алу туралы шарт жобасы, оның ішінде техникалық талаптары қоса жіберіледі.
8. Әлеуетті жеткізуші өзінің қолы және мөрімен (бар болса) бекітілген, мына мәліметтер мен құжаттарды құрайтын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы №192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларының (бұдан әрі – ҚР ҰБ Қағидасы) 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тек бір баға ұсынысын береді:
1) әлеуетті жеткізушінің атауы және нақты мекенжайы;
2) көрсетілетін Қызметтердің атауы, сипаттамасы және саны;
3) қызметтерді көрсету орны мен мерзімі;
4) құрамына Қызметтерді көрсетуге байланысты шығыстары қамтылған Қызметтің бірлік бағасы және жалпы бағасы.
5) Қызмет үшін құнын көрсете отырып, әлеуетті жеткізуші қол қойған техникалық ерекше нұсқама;
Баға ұсыныстарын беру мерзімі өткеннен кейін әлеуетті жеткізуші ұсынған баға ұсынысына өзгертулер және (немесе) толықтыруларға, ҚРҰБ Қағидасының 140-тармағында көзделген жағдайды есептемегенде, рұқсат етілмейді.
9. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысын беруі өткізілетін сатып алу және ҚРҰБ Қағидасы талаптарында көзделген талаптарды сақтай отырып тауарларды жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді жүзеге асыруға өзінің келісімін беру түрі болып табылады.
10. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын беруді тоқтату уақыты мен күніне дейін желімдеп жабылған конвертте беріледі.
Әлеуетті жеткізуші немесе олардың уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын қолма-қол берген жағдайда әлеуетті жеткізушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқығына әлеуетті жеткізушінің мүддесін білдіретін тұлғалардың сенімхаттарын, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен бірге беруі керек.
11. Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
1) әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы, БСН/ЖСН;
2) тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келетін атауы мен пошталық мекенжайы;
3) әлеуетті жеткізушінің қатысу үшін берілетін баға ұсыныстарының лот тауарлары, жұмыстары, қызметтерін сатып алу атауы.
12. Жеткізуші Шартқа қол қою үшін мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттеледі:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық.
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).