1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ A25Y5E8, Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – [email protected]
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, A25Y5E8, Алматы қ., Қонаев көш., 181; тел.: 258-88-21, электронды мекенжайы – [email protected]
баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен материалдарды қайта сатып алуды өткізу туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуларға қатысуға шақырады 2. Тауардың атауы, құны және қысқаша сипаттамасы:
Лот
тар |
Атауы | Тауардың қысқаша сипаттамасы | Өлш. бірл. | Саны | (ҚҚС есептемегендегі) бірлігі үшін бағасы, теңге | (ҚҚС есептемегенде) Сатып алуға бекітілген жалпы сомасы, теңге |
№ 1 лот | Жиналмалы баспалдақ | Доғал қауіпсіздігі бар жылжымалы жиналма баспалдақ, материалы – алюминий, биіктігі бойынша саты 10-12 сырғымайтын немесе кедір-бұдыры материалдардан, жұмыс биіктігі кем дегенде 4800 мм, жоғарғы сөренің (алаң) биіктігі 3000 мм, баспалдақтың биіктігі кем дегенде 3800 мм, негізінің ені кем дегенде 580 мм. | дана | 2,00 | 26 000,00 | 52 000,00 |
№ 2 лот | Алюминий радиатор | Ақ түсті, Биіктігі 500 мм, Ені 1100 мм, Тереңдігі 100 мм, Қосылуы: Екі жағынан төменгі бүйірлі. Максималды жұмыс қысымы: 16,0 (бар). 11 секциялы. | дана | 6,00 | 30 000,00 | 180 000,00 |
№ 3 лот | Цемент | Портландцемент М400. Орамы: қағаз қапшықтарда кем дегенде 50 кг. | қап | 33,00 | 1 400,00 | 46 200,00 |
№ 4 лот | Битум | Жабынды төсем, жабынды қабат, гидрооқшаулау жөндеу жұмыстары үшін пайдаланылады. Өлшеп оралуы қағаз немесе пластик қаптарда. | килограмм | 60,00 | 150,00 | 9 000,00 |
№ 5 лот | Рубероид | Оңай балқитын битум сіңірілген, картон негізден тұратын жабын және гидрооқшаулау материалы. Орамда кем дегенде 15 м2. Рубероид қалыңдығы кем дегенде 1 мм. | орам | 7,00 | 2 000,00 | 14 000,00 |
№ 6 лот | Қара бояу | Қара түсті эмаль бояу металл, ағаш және басқа да атмосфералық әсерге ұшырайтын беттерді бояу үшін қолданылады. Су, тұрмыстық жуғыш заттар мен техникалық майлар әсеріне тұрақты. Құрамы: функционалдық қоспалар қосылған алкидті лак пен уайт-спирттегі пигменттер және толтырғыш суспензиясы. Кебу уақыты 24 сағат. Орамы: темір құты, өлшеп оралуы: 2 кг көп емес. | килограмм | 8,00 | 1 300,00 | 10 400,00 |
3. Тауарды жеткізудің талап етілетін мерзімі қос Тарап Шартқа қол қойған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күнді құрайды.
4. Тауарды жеткізу орны: Алматы қаласы, Ермак көшесі, 24;
5. Баға ұсыныстары бар конверттерді әлеуетті жеткізушінің беру күні мен уақыты: 2018 жылғы «26» қазан сағат 09:00 бастап 2018 жылғы «02» қараша сағат 09:30 дейін.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2018 жылғы «02» қараша 10 сағат: 00 минут.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын жеткізетін және оларды ашатын орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ A25Y5E8, Алматы қ., Қонаев көш., 181, №204 кабинет.
7. Жеткізілетін Тауарға талап етілетін ақы төлеу талаптары Шарт талаптарына сәйкес.
8. Маңызды талаптар мен техникалық ерекше нұсқамасын көрсете отырып сатып алу туралы шарт жобасы қоса жіберіледі.
1) Әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтерді құрауы керек әлеуетті жеткізушінің қолы және мөрімен (ол бар болса) бекітілген тек бір баға ұсынсын береді:
• әлеуетті жеткізушінің атауы;
• жеткізілетін Тауардың атауы, сипаттамасы мен саны;
• Шығарған ел және өндіруші-зауыт (жұмыстар, қызметтерді сатып алу кезінде толтырылмайды);
• құрамына Тауарларды жеткізуге байланысты шығыстары қамтылған Тауардың бірлігі үшін бағасы және жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын беруге қатысу үшін тауарларды сатып алу атауы.
• Әлеуетті жеткізуші немесе олардың уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын қолма-қол берген жағдайда әлеуетті жеткізушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқығына әлеуетті жеткізушінің мүддесін білдіретін тұлғалардың сенімхаттарын, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен бірге беруі керек.
• Баға ұсынысын поштамен жіберген кезде конверттің бет жағында қосымша ескертпе болуы керек:
• «2018 жылғы «02» қараша «10» сағат «00» минутқа дейін ашпау керек».
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттеледі:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық.
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.