1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – [email protected]
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181; тел.: 259-91-81, электронды мекенжайы – [email protected]
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен орнатуымен қоса 250А автоматты ажыратқышты қайта сатып алуды өткізу туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуларға қатысуға шақырады
2. Тауардың атауы және қысқаша сипаттамасы:
Лот № | Тауар атауы | Тауардың қысқаша сипаттамасы | Өлш. бірл. | Саны | ҚҚС есептемегендегі бірлігі үшін бағасы, теңге | ҚҚС есептемегендегі сатып алуға бөлінген жалпы сомасы, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
№1 лот | Орнатуымен қоса 250А автоматты ажыратқыш | 250А автоматты ажыратқыш (2 дана), үш полюсті, асқын жүктелу тоғының жылу ағытқышы мен қысқа тұйықталу тоғының электр магнитті ағытқышы бар (құрама қорғаныс), апатты жағдайлар кезінде тоқты өшіруге арналған стационарлық қол жетегі бар (асыра тиеу, қысқа тұйықталу мен жол берілмейтін кернеудің төмендеуі), сондай-ақ электр тізбектерді жиі емес (тәулігіне 30 ретке дейін) қосу мен өшіруге арналған. Достық даңғылы, 136 мекенжайындағы әкімшілік үй-жайдағы «AERMEC» чиллерлерде орнатылған балқығыш ендірмені демонтаждау, 250А автоматты ажыратқышты орнату бойынша монтаждау жұмыстары. | дана | 2,00 | 65 380,00 | 130 760,00 |
Орнатуымен қоса тауарды сатып алуға бөлінген жалпы сомасы – ҚҚС сомасын есептемегенде 130 760,00 (жүз отыз мың жеті жүз алпыс) теңге 00 тиын.
3. Тауарды жеткізу орны: Алматы қаласы, Ермак көшесі, 24;
4. Қызметтерді көрсету орны: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 136.
5. Тауарды жеткізудің және орнатудың талап етілетін мерзімі Шарт талаптарына сәйкес.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді әлеуетті жеткізушінің беру күні мен уақыты: 2018 жылғы 19.10. сағат 10:00 бастап 2018 жылғы 26.10. сағат 10:00 дейін.
7. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2018 жылғы 26.10., 10 сағат 30 минут.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын жеткізетін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, №204 кабинет.
8. Тауарға талап етілетін ақы төлеу талаптары Шарт талаптарына сәйкес.
9. Маңызды талаптар мен техникалық ерекше нұсқамасын көрсете отырып сатып алу туралы шарт жобасы қоса жіберіледі.
1) Әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтерді және құжаттарды құрауы керек әлеуетті жеткізушінің қолы және мөрімен (ол бар болса) бекітілген тек бір баға ұсынсын береді:
• Әлеуетті жеткізушінің атауы;;
• жеткізілген Тауардың атауы, сипаттамасы және саны;
• Шығарған ел және өндіруші-зауыт (жұмыстар, қызметтерді сатып алу кезінде толтырылмайды);;
• құрамына Тауарларды жеткізуге байланысты шығыстары қамтылған Тауардың бірлігі үшін бағасы және жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын беруге қатысу үшін тауарларды сатып алу атауы.
Баға ұсынысын поштамен жіберген кезде конверттің бет жағында қосымша ескертпе болуы керек: «2018 жылғы «26» қазан «10» сағат «30» минутқа дейін ашпау керек».
Әлеуетті жеткізуші немесе олардың уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын қолма-қол берген жағдайда әлеуетті жеткізушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқығына әлеуетті жеткізушінің мүддесін білдіретін тұлғалардың сенімхаттарын, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен бірге беруі керек.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттеледі:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық.
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.