Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен орнатуымен қоса жалюзиді сатып алуды өткізу туралы хабарландыру (Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді беру күні мен уақыты: «03» қараша 2015ж. сағат 09:00 бастап «10» қараша 2015ж. сағат 09:30 дейін)

Сатып алу туралы хабарландыру

Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, электронды мекенжайы – [email protected]
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98; тел.: 259-94-12, электронды мекенжайы – [email protected]
баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен орнатуымен қоса жалюзиді сатып алуды өткізу туралы хабарландырады
Атауы және қосымша ақпарат:  

Лот № Тауардың атауы Өлшем бірлігі Саны Тауардың сипаттамасы
1 Жалюзи м2 60 Орнатуымен қоса жалюзи.
Түрі: терезеге арналған, тік.
Орнату орны: Әйтеке би көш., 67-30 м2;
Панфилов көш., 98-30 м2;
Жалюзидің өлшемін (ұзындығын, енін) Тапсырыс берушімен келісу керек.
Матаның сипаттамасы: бедерлі сурет бейнеленген тоқылған полиэстр; екіжақты антистатикалық шаң жұқтырмайтын полиуретанды материал, буманың барлық ұзындығы бойынша бірқалыпты қалыңдықтағы мата; ламельдің стандартты ені 89 мм; матаның ұштары тегіс, қыздырып өңделген, жалбырамайды; суреттерде ауытқулық пен жылжып кетулер жоқ; тоқымалық ақаусыз (жіптердің үзілуі, ілмектердің созылуы, түйіншектер, сырланбаған және т.б.);
– дайын күйдегі ламельдер шиыршықталмауы керек, бағыттаушы алюминді – стандарт, қиманың өлшемі барлық ұзындық бойынша сақталған, ұзындығына қарамастан тақтайшалар ішіндегі жүгіргіштердің кедергісіз және бірқалыпты қозғалысын қамтамасыз ететін жоғары қаттылық, бояуы сапалы, бірқалыпты;
– жүгіргіштер – бұрылыстар мен иілістердегі әсеріне төзімді, ысырмасы – берік, қолданыста қарапайым (ламельді оңай бекітуге және қажет болған жағдайда шешуге болады);
– басқару механизмі – берік, бірқалыпты жұмыс істейді, жұлқыныссыз, өлшемі бойынша бағыттаушыға сәйкес, жалюзидің үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз ететіндей берік бекітілген, басқарушы бауы – капронды, тозуға тұрақты;
– басқарушы тізбек – ламельдің бірқалыпты айналым мен қимылын қамтамасыз ететін буындары өлшемі бойынша бірқалыпты және ламельдің еніне сәйкес келеді, төменгі бау – берік, буындары өлшемі бойынша бірқалыпты, пайдалану мерзіміне қарамастан жалюзидің эстетикалық түрін қамтамасыз ететін ламельдің  тіктеуішіне бекітуге арналған берік ысырмамен жабдықталған.

Тауарды сатып алуға бөлінген сомасы – ҚҚС есептемегенде 300 000,00 (үш жүз мың) теңге 00 тиын.
Тауарды жеткізу орны – Алматы қ., Ермак көш., 24.
Шарт талаптарына сәйкес тауарды жеткізу мерзімі және ақы төлеу талабы.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын жеткізетін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, №401 бөлме, тел.: 2 599-412.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді беру күні мен уақыты:
«03» қараша 2015ж. сағат 09:00 бастап «10» қараша 2015ж. сағат 09:30 дейін.
Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты:
«10» қараша 2015ж. сағат 10:00-де.
Сатып алу туралы шарт жобасы тауардың техникалық сипаттамасымен қоса жіберіледі.
1) Әр әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтерді құрауы керек тек бір баға ұсынсын береді:
•    әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжатының) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
•    жеткізілетін тауар атауы;
•    жеткізілетін тауар орны мен мерзімі;
•    ҚҚС сомасын есептемегендегі тауар бірлігі үшін бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
•    әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық мекенжайы;
•    сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
•    әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын беруге қатысу үшін тауарлар, жұмыстар, қызметтерді сатып алу атауы.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттеледі:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін:
•    Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
•    ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
•    Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
•    Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
•    ЖК тіркеу туралы куәлік;
•    Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
•    Жеке куәлігі;
•    ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.

Получить документацию

Comments are closed.