1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8, Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – [email protected]
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, Алматы қ., Қонаев көш., 181; тел.: 258-88-21, электронды мекенжайы – [email protected]
хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен құрал-саймандар мен есік тұтқаларын сатып алуды өткізу туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуларға қатысуға шақырады
2. Тауардың атауы, құны және қысқаша сипаттамасы:
Лоттар | Атауы | Саны | Өлш. бірл. | (ҚҚС есептемегендегі) бірлігі үшін бағасы, теңге | (ҚҚС есептемегенде) Сатып алуға бекітілген жалпы сомасы, теңге | Тауардың қысқаша сипаттамасы |
№ 1 лот | Электр ара | 1 | дана | 26 000,00 | 26 000,00 | Араның кернеуі 230В.-50 Гц болуы керек. Тұтыну қуаты – 2000 Вт.; Айналым саны – 4800/мин.; Арамен кесудің макс. тереңдігі 90* – 72 мм.; Арамен кесудің макс. тереңдігі 45* – 49 мм.; Лазерлік сызғышпен жабдықталған; Қосымша дискілі арасымен; Сондай-ақ жиынтықта верстакқа, жұмыс үстеліне бекітілетін жабдық болуы керек; Дискілі ара параметрлері: Дәнекерленген победит; Көлбеу тістер – 15*; Тістер саны – 24 дана; Дисктің қалыңдығы кем дегенде – 1,4 мм.; Ішкі диаметрі – 32 мм.; Сыртқы диаметрі – 200 мм. (араға орнатылған); Сыртқы диаметрі – 300 мм. (қосалқы); |
№ 2 лот | Электр триммер | 1 | дана | 14 000,00 | 14 000,00 | Триммердің қозғалтқышы астыңғы жағында болуы керек. Шөпті шабуға арналған маневрлі және үнсіз құрал-сайман. Жартылай автоматты шарғымен жабдықталған. Нақты қуат беру кернеуі 220±10В. Моделі ағаштың айналасын және бұтақтардың астын шабуға ыңғайлы болуы керек. Құрал-сайман ұзартқыш тоқты бекітіп қоюға арналған арнайы ілмекпен, сондай-ақ жартылай автоматты немесе автоматты лесканы бергішпен жабдықталуы керек. Жеткізілетін жиынтық: триммер, қорғаныс қаптамасы, лескасы бар шарғы, қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық, пайдалану бойынша нұсқама, фирмалық орам. |
№ 3 лот |
Қашау жинағы
|
1 | жинақ | 4700,00 | 4700,00 | Қашау жинағы кем дегенде 4 қашаудан тұруы керек. Қашаудың сипаттамасы: сабының артқы бөлігіндегі болат қалпақша, қолға жұмсақ ендірмесі бар ұзартылған резеңке сап, жүзі жиектерін кесетін ұштағыш бұрышы жұмысының қолайлылығы үшін жоғары көміртекті болаттан соғылған. Қашау жүзінің ені 10мм бастап және жоғарыға ұлғаяды. |
№ 4 лот | Әйнеккескіш | 1 | дана | 2 200,00 | 2 200,00 | Әйнек кесуге арналған әйнеккескіштің ені 2 бастап 12 мм дейін (қалыңдығы 10 мм., 12 мм дейін әйнекті өңдеу). Дәнекерлеу арқылы ұстағышта бекітілетін өте қатты материалдан жасалатын жұмыс элементі ауыстырылады. Ұстағыштың әйнектің жіңішке жолақшасын сындыру үшін бірнеше ойықтары болуы керек. Жеңіл пластмасса немесе ағаш сап. Кесетін роликтің ұштағыш бұрышы шамамен 135°. Сызғыш жиегі мен кесетін роликтің арасындағы арақашықтық 2,5 мм. |
№ 5 лот | Металл кесетін қайшы | 2 | дана | 5 600,00 | 11 200,00 | Металл кесетін қайшы кесілген жиектің қылаусыз, түзу болуын қамтамасыз ететін жоғары сапалы болаттан кескіш жиекпен біріктірілген болуы керек. Қалың немесе қатты металды өңдеу үшін. Қайшы кесу жеріндегі қорғаныс қабатының сақталуын қамтамасыз етуі керек. Металл кесетін қайшының кесетін басы мен сабы, ұзақ қызмет ететін жүзі, иінтіректі берілісті болуы керек, қосымша индукция тәсілімен шыңдау керек. Пластик жабынды және сырғып кетуден қорғайтын эргономикалық сап. Никельденген болат сап қатты құрылымды. Қайшының өздігінен ашылуы үшін орнатылған болат серіппенің болуы. Берік құлып ілмегі. |
№ 6 лот | Кемпірауыз | 7 | дана | 681,00 |
4 767,00
|
Кең спектрлі монтаждау және жөндеу үшін ішкі ойығымен кемпірауыз. Құрал-сайман болаттан, пішінді, резеңкелі сапты болуы керек. Құрал-сайман ұзындығы кем дегенде 188мм болуы керек. Материалдардың әртүрлі реңкті болуы рұқсат етіледі. |
№ 7 лот | Солидол | 1 | дана | 300,00 | 300,00 | Солидол -25 бастап +65 °С дейінгі температура диапазонында жұмыс істейтін жабдықтың үйкеліс тораптарына жағу үшін пайдаланылатын суға төзімді гидратталған кальций майы болуы керек. Солидол қуатты механизмдердің мойынтірек пен топсасында -50 °С дейінгі температурада жұмыс істеуі керек. 1 кг көлеміндегі металл, қаңылтыр немесе пластмасса құтыларында жеткізілуі керек. |
№ 8 лот | Металл кесетін ара | 2 | дана | 2 800,00 | 5 600,00 | Темір шебері-монтаждау және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде металл, ДСП, ПВХ, пластмасса, ламинат және т.б. арамен кесуге арналған. Қатты болат жиектеме тікбұрышты қима, қысыммен құйылған, құйма сап (сабы 2 компонентті материалдан, жұмсақ ендірмесі бар). Тік және көлденең кесу үшін төсемді төрт түрлі жағдайда орнату (алдыңғы және артқы кергіш құрылымы екі бұрыштың астынан орнатуға мүмкіндік береді: қарапайым және беті бар беттерді кесуге арналған еңкейгішімен кесу үшін). Қол арада ұзындығы 300 мм төсем пайдаланылады. Құлақты бұрамамен керіліс төсем жүйесі (төсемді керу механизмі 150 кг керілу күшін қамтамасыз етеді). Кесу тереңдігі – кем дегенде 95 мм., ұзындығы – кем дегенде 510 мм. |
№ 9 лот | Ара төсемі | 16 | дана | 650,00 | 10 400,00 | Ара төсемі жоғары қоспаланған тез кесетін болаттан тістері бар қоспалы болаттан дайындалуы керек, екі материалды толқын тәрізді айырып біріктіруімен біржақты тістер, арамен кесу кезінде жоғары өнімділікті және бір мезгілде жоғары иілгіштікті қамтамасыз етуі керек, қиын өңделетін болат, түрлі-түсті металл мен пластмассаны кесуге жарамды. Ұзындығы – 300 мм. Биіктігі – 13 мм.; Тістер дюйммен – 18, 24, 32. |
№ 10 лот | Электрик жинағы | 5 | жинақ | 20 000,00 | 100 000,00 | Жинақ мыналардан тұруы керек: электр өлшейтін сандық атауыз, индикаторлы бұрағыш, екі полюсті кернеу индикаторы, әртүрлі өлшемдегі бұрағыш жинағы 6 дана, бүйір шеттерді кескіш, тістеуік 1000В, үшкір тістеуіш 1000В, тістеуік, жіңішке қысқаш бүгулі 1000В, кабель кескіш 1000В, тістеуік, ұзартылған қысқаш, оқшаулауды алуға арналған атауыз (түрі-КСТ-6), өткізгіш ұштарын тазартуға арналған монтаждау пышағы, кабельді бөлуге арналған пышақ, аша кілттер жиынтығы 6 бастап 22мм дейін, балға 0,5кг, кескіш, кішкентай қысқыш (жиында: үлкен, орташа, кішкентай), оқшаулау таспасының жинағы, сондай-ақ жинаққа мыналар кіруі керек: біріктіруші клеммниктер (жинақ), жалғағыш (жинақ), әртүрлі диаметрдегі термошөгімді тұтқа (жинақ), қол ара-жиектеме. |
№ 11 лот | Есік тұтқасы | 16 | Дана | 1 500,00 | 24 000,00 | Розеткадағы тұтқалардың түрі жиында 2 данадан болуы керек; Ені 38-40 мм ағаш есіктерге орнатылады; Ашатын жағы – әмбебап; Түсі: күңгірт алтын, жез; Шаршы: 8 мм, ұзындығы 100 мм; Негізінің диаметрі 52-53 мм; Бекітілуі: өзі ойып салынатын, тұтастырғыш; Тұтқаның ұзындығы 125-130 мм; Тұтқа материалы: металл; Жабыны: Көп қабатты гальваникалық жабын. |
3. Тауарды жеткізудің талап етілетін мерзімі Шарт талаптарына сәйкес.
4. Тауарды жеткізу орны: Алматы қаласы, Ермак көшесі, 24;
5. Баға ұсыныстары бар конверттерді әлеуетті жеткізушінің беру күні мен уақыты: 2018 жылғы «06» наурыз сағат 09:00 бастап 2018 жылғы «15» наурыз сағат 10:00 дейін.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2018 жылғы «15» наурыз сағат 10:30 минут.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын жеткізетін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ A25Y5E8, Алматы қ., Қонаев көш., 181, №204 кабинет.
7. Жеткізілетін Тауарға талап етілетін ақы төлеу талаптары Шарт талаптарына сәйкес.
8. Маңызды талаптар мен Тауардың сипаттамасын көрсете отырып сатып алу туралы шарт жобасы қоса жіберіледі.
1) Әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтерді және құжаттарды құрауы керек әлеуетті жеткізушінің қолы және мөрімен (ол бар болса) бекітілген тек бір баға ұсынсын береді:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжатының) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• Тауардың атауы, техникалық ерекше нұсқамасы;
• жеткізілетін Тауардың орны мен мерзімі;
• құрамына Тауарларды жеткізуге байланысты шығыстары қамтылған Тауардың жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын беруге қатысу үшін тауарларды сатып алу атауы.
• Әлеуетті жеткізуші немесе олардың уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын қолма-қол берген жағдайда әлеуетті жеткізушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқығына әлеуетті жеткізушінің мүддесін білдіретін тұлғалардың сенімхаттарын, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен бірге беруі керек.
• Баға ұсынысын поштамен жіберген кезде конверттің бет жағында қосымша ескертпе болуы керек: «2018 жылғы «15» наурыз «10» сағат «30» минутқа дейін ашпау керек».
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттеледі:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық.
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.