1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8, Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – [email protected].
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, A25Y5E8, Алматы қ., Қонаев көш., 181, тел.: 259-91-81, электронды мекенжайы – [email protected].
баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен ролл-перделерді
сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады
2. Тауар атауы, құны және қысқаша сипаттамасы:
Лоттар | Атауы | Тауардың қысқаша сипаттамасы | Өлшем бірлігі | Саны |
Бірлігі үшін бағасы, теңгемен
(ҚҚС есептемегенде) |
Сатып алуға бекітілген жалпы сома, теңгемен (ҚҚС есептемегенде) |
№ 1 Лот | Ролл-перделер |
Қораптағы күн-түн түріндегі ролл-перделер өзара кезектесетін көлденең мөлдір және тығыз белдеулерден тұратын жабын болуы тиіс. Белдеудің ені кемінде 7-15 см. Ролл-перделердің қабырғаға немесе төбеге орнатылу мүмкіндігі болуы тиіс.
Жабын шаңнан, ылғалдан және күннен күюден қорғайтын материалдан, арнайы құраммен өңделуі тиіс. Белдеу материалы полиэстер типті тығыз матадан жасалуы тиіс. Белдеу түсі – сарғылтым және/немесе қоңыр, Тапсырыс берушінің келісімі бойынша белгіленеді. Жабын диаметрі 28 мм-ден аспайтын құбырша профилінде пластик шынжыр мен шынжырлы басқару механизмінің көмегімен көтерілуі және түсуі тиіс. 70-80 мм.-ден аспайтын мөлшердегі қорап алюминий типті материалдан жасалуы және ролл-перде материалынан жасалған салынбалы матасы жапсырылған ақ түсті болуы тиіс. Ролл-перде матасы полиэстерден жасалуы тиіс және үй-жайды 90% жарық пен көлеңкелеуге серіппелі мүмкіндігі болуы үшін екі немесе бірнеше қабаттан жасалуы тиіс. Ролл-перделердің көлемі: биіктігі бойынша –1500-2500 мм, ені бойынша – 900-2000 мм болуы тиіс. Жеткізу, монтаждау. |
Шаршы метр | 97,60 | 12 000,00 | 1 171 200,00 |
№ 2
Лот
|
Ролл-перделер |
Перденің бұл түрінің жарықөткізгіштігі 60%-75%.болуы тиіс.
Матасының тығыздығы шамамен 180-200 г/м2 болуы тиіс. Мата мақта араласқан 70-85% полиэстерден жасалуы тиіс. Полиэстер мен мақтаның қоспасы матаның тікелей түскен күн сәулесінің әсерінен тез тұтануына тосқауыл болады, шаң жолатпайтын қасиетке ие етеді. Жеткізу, монтаждау.
|
Шаршы метр |
35,20 | 8 000,00 | 281 600,00 |
№ 3
Лот
|
Ролл-перделер |
Перденің бұл түрінің жарықөткізгіштігі 50%-60% болуы тиіс.
Матасының тығыздығы шамамен 160-180 г/м2 болуы тиіс. Мата мақта араласқан 85-95% полиэстерден жасалуы тиіс. Полиэстер мен мақтаның қоспасы матаның тікелей түскен күн сәулесінің әсерінен тез тұтануына тосқауыл болады, шаң жолатпайтын қасиетке ие етеді. Жеткізу, монтаждау. |
Шаршы метр | 26,10 | 7 000,00 | 182 700,00 |
Талаптары:
Жеткізуші Тауарлардың техникалық ерекшеліктердің талаптарына сәйкес сериялық модельдердегі, пайдаланылмаған немесе берілген талаптардан жоғары шыққан жылы 2018 жылдан ерте емес жаңа болатындығына кепілдік береді. Сондай-ақ Жеткізуші жинақтаушыларының толық жүйелік үйлесімділігін қамтамасыз етуге міндетті. Бұрын қолданылған, қайта қалпына келтірілген, өңделген, қандай да бір тәсілмен түрленген немесе өндірістен алынып тасталған құрал-жабдықтар жарамайды. Тауардың барлық келтірілген сипаттамалары Техникалық ерекше сипаттамада көрсетілген минималдық техникалық сипаттамаларға сәйкесуі немесе асып түсуіне тиіс. Жеткізілетін ролл-перделер қандай да бір ерекше режимді талап етпейтін қарапайым жағдайларда қолдану кезінде қауіпсіз болуы тиіс және басқа мүлік пен адам денсаулығына зиян келтірмеуі тиіс. Өндірушінің кепілдігі кемінде 12 ай болуы тиіс. Жеткізуші сапасыз тауар жеткізуге байланысты шығындарға жауапты болады. Сапасыз өнімді ауыстыру Жеткізуші есебінен 3(үш) жұмыс күні ішінде жүргізілуі тиіс. Жеткізуші кепілдік мерзімі ішінде зақымдауларды жоюға міндетті және қажет болған жағдайда, Тапсырыс берушіге жарамсыздықтарды жою үшін тиісті қызметкерін жібереді. |
Тауарды сатып алуға бөлінген жалпы сома – ҚҚС сомасын есептемегенде 1 635 500,00 (бір миллион алты жүз отыз бес мың бес жүз) теңге 00 тиын.
3. Тауар жеткізетін орын – Алматы қаласы, Ермак көшесі, 24.
4. Тауар жеткізу талап етілетін мерзімдері – қос Тарап Шартқа қол қойған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн.
5. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді берген күні мен уақыты:
2018 жылғы «4» желтоқсанда сағат 09:00 -ден бастап 2018 жылғы «11» желтоқсан, сағат 9:30-ға дейін.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты:
2018 жылғы «11» желтоқсан, 11:00 сағатта.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беретін және олардың ашылатын орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8, Алматы қаласы, Қонаев көш., 181. № 204 кабинет.
7. Жеткізілетін Тауар үшін ақы төлеудің талап етілетін тәртібі Шарт талаптарына сәйкес.
8. Сатып алу туралы шарт жобасы Тауардың маңызды талаптары және сипаттамасы көрсетіліп қоса беріледі.
1) Әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтерден тұратын әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) бекітілген тек бір баға ұсынысын бере алады:
• әлеуетті жеткізушінің атауы;
• Жеткізілетін Тауардың атауы, сипаттамасы және саны;
• Шыққан елі мен өндіруші зауыт (жұмыстарды, қызметтерді сатып алған кезде толтырылмайды);
• Тауар жеткізуге байланысты шығыстары енген Тауардың бірлік бағасы мен жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші қатысу үшін баға ұсыныстарын берген тауарды сатып алу атауы.
Әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын өз қолымен бергенде, әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқына берілген әлеуетті жеткізушінің мүдделерін қорғайтын тұлғаларына жеке басын куәландыратын құжат көшірмесімен сенімхатты беруге тиіс.
Баға ұсыныстарын пошта арқылы жібергенде, конверттің беткі жағында қосымша ескертпе болуы тиіс: «2018 жылғы «11» желтоқсан 11 сағат 00 минутқа дейін ашылмасын».
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттенеді:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.