Өрт және басқа да ТЖ кезіндегі эвакуация жоспарларының маңдайша жазулары сатып алудың өткізілетін туралы дігі туралы хабарландыруға өзгерістер және толықтырулар және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады (Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді берген күні мен уақыты: 2018 жылғы «01» қазан 09:00 сағаттан бастап 2018 жылғы «09» қараша , 10 : 00 сағатқа дейін)

1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8, Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – [email protected] .
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, A25Y5E8, Алматы қ., Қонаев көш., 181, тел.: 258-88-21, электронды мекенжайы – [email protected] .
баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өрт және басқа да ТЖ кезіндегі эвакуация жоспарларының маңдайша жазулары сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады
2. Тауар атауы, құны және қысқаша сипаттамасы:

Лоттар Атауы Тауардың қысқаша сипаттамасы Өлшем бірлігі Саны Бірлігі үшін бағасы, теңгемен (ҚҚС есептемегенде) Сатып алуға бекітілген жалпы сома, теңгемен (ҚҚС есептемегенде)
№ 1 Лот Өрт және басқа да ТЖ кезіндегі эвакуация жоспарларының маңдайша жазулары Көшіру жоспарлары мынадай нысандар үшін жасалуы тиіс:
1. Алматы қ., Қонаев көш., 181 (4-қабат);
2. Алматы қ., Панфилов көш., 98 (5-қабат);
3. Алматы қ., Ермак көш., 24 (2-қабат);
4. Алматы қ., 3-Көктем ш/а, 21-үй (7-қабат);
5. Алматы қ., Бәрібаев көш., 55 (2 қабат);
6. Алматы қ., Сәтпаев даңғылы, 30А (5 қабат + паркинг);
7. Алматы қ., Достық даңғылы, 136 (14 қабат + паркинг);
8.«Демалыс» демалыс базасы, Қапшағай су қоймасының Солтүстік жағалауы
9. Сүйінбай даңғылы, 99 (2-қабат);
10. Алматы қ., Әйтеки би көш., 67 (6 -қабат).
Тауарды толық көлемде жалпы жеткізу мерзімі: қос Тарап Шартқа қол қойған күннен бастап 2018 жылғы «20» желтоқсанға дейінгі мерзімді құрайды.Көшіру жоспарлары графикалық және мәтіндік бөліктерден тұруы тиіс. Графикалық бөлігі мыналарды көрсете отырып, ғимараттың, үй-жайдың қабаттық (секциялық), көлік құралдарының, нысанның жоспарын өзіне қамтуы тиіс:эвакуация жолдары;эвакуациялық шығу жолдары және (немесе) құтқару құралдарының орналасқан орны; апатты шығу жолдары, түтіндемейтін саты торлары, сыртқы ашық сатылар және т.с.с.;
ғимаратта, үй-жайда, көлік құралында, нысанда эвакуация жоспарын орнататын орын;
қауіпсіздік таңбалары мен ИМО белгілерімен көрсетілген құтқару құралдарының орналасатын орны,
Өрт қауіпсіздігі таңбалары мен ИМО белгілерімен көрсетілген өртке қарсы қорғаныс құралдары орналасатын орын;
Эвакуация жоспарларындағы қауіпсіздік таңбаларының, ИМО белгілерінің және салалық мәндегі қауіпсіздік таңбаларының (белгілерінің) түстік-графикалық бейнелері МЕМСТ Р12.4.026 талаптарына, ИМО А.654 (16) [7], А.760 (18) [6] қарарларына және салалық мәндегі нормативтік құжаттарға сәйкесуі тиіс
Қауіпсіздік таңбалары мен белгілері сандық, әріптік немесе әріптік-сандық мәндермен толықтырылуы мүмкін.
Эвакуация жоспарындағы қауіпсіздік таңбаларының және белгілерінің биіктігі 8-ден 15 мм-ге дейін болуы тиіс, эвакуацияның бір жоспарындағысы бірыңғай масштабта орындалуы тиіс.
Эвакуация жоспарларында белгіленген өртке қарсы қорғаныс құралдары (техникалық сипаттамасы) белгілерін нақтылау қажет болғанда, МЕМ СТ28130 бойынша шартты графикалық мәндерді қолдануға болады.
Қауіпсіздік таңбалары, белгілер мен шартты графикалық мәндер үшін эвакуация жоспарының мәтіндік бөлігінде олардың мағыналық мәндерінің түсіндірмелері берілуі тиіс.
Графикалық бөліктегі эвакуацияның қабаттық жоспарларында қабат нөмірі көрсетілуі тиіс.
Мәтіндік бөлікте мыналар мазмұндалуы керек:
төтенше жағдайлар туындағанын (өрт, апат және т.б.) хабарландыру тәсілдері;
адамдарды эвакуациялаудың тәртіптері мен реттілігі;
адамдардың міндеттері мен атқаратын әрекеттері, оның ішінде өрт немесе апаттық-құтқару бөлімшелерін, шұғыл медициналық көмекті және т.б.шақыру тәртіптері;
құрал-жабдықтарды, механизмдердің апатты тоқтату, электрқоректенуді ажырату тәртібі және т.с.с.Өрт және апатқа қарсы автоматика жүйелерін (қондырғыларын) қолмен (қосарлама) қосу тәртібі;
Эвакуациялау жоспарларының мәтіндік бөлігінде төтенше жағдай (өрт, апат кезінде және т.с.с.) кезіндегі іс-әрекеттер туралы Д) және Е) –мен тізімделгендерге сәйкес қауіпсіздік белгілерімен және таңбалармен көрнекілік үшін толықтырылған нұсқаулық қамтылуы тиіс. Эвакуация жоспарларының мөлшері үшін мм -мен таңдап алынады: кемінде :600 х 400 — эвакуацияның қабаттық және секциялы жоспарлары үшін; 400 х 300 —эвакуацияның жергілікті жоспарлары үшін. Эвакуация жоспарының көлемі оның тағайындалу мәніне, үй-жай алаңына, эвакуациялық және апатты шығу жолдарының санына байланысты таңдалады. Негізгі эвакуациялық шығу жолдарына апаратын эвакуация жолдары қозғалу бағыты көрсетіліп жасыл түсті тұтас сызықпен белгіленуі тиіс.
Қосалқы эвакуациялық шығу жолдарына апаратын эвакуация жолдары қозғалу бағыты көрсетіліп жасыл түсті штрихты сызықпен белгіленуі тиіс.Эвакуация жоспарлары фотолюминесцентті материалдардан жасалуы керек.Эвакуация жоспарларын жасауға жалтырақ емес материалдарға белгіленген МЕМСТ Р 12.4.026 талаптарына сәйкесетін жалтырақ емес матриалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Эвакуация жоспарының фоны мынадай болуы тиіс: сарғыш ақ немесе ақ – фотолюминесцентті материалдарға арналған;
ақ — жарқырамайтын материалдарға арналған.Эвакуация жоспарындағы жазу мен графикалық сурет фонға қатыссыз қара түсті болуы тиіс (қауіпсіздік белгілері мен таңбаларынан басқа). Эвакуация жоспарындағы жазу шрифті – МЕМСТ Р 12.4.026 бойынша.
Шрифттің биіктігі – кемінде 5 мм.
Дана 312 4 500,00  

1 404 000,00

 

3. Тауар жеткізу талап етілетін мерзімдері – қос Тарап Шартқа қол қойған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн.
4. Тауар жеткізетін орын – Алматы қаласы, Ермак көшесі, 24.
5. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді берген күні мен уақыты: 2018 жылғы «01» қазан 09:00 сағаттан бастап 2018 жылғы «09» қараша , 10 : 00 сағатқа дейін.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2018 жылғы «09» қараша, 11:00 сағатта.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беретін және олардың ашылатын орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8, Алматы қаласы, Қонаев көш., 181. № 204 кабинет.
7. Жеткізілетін Тауар үшін ақы төлеудің талап етілетін тәртібі Шарт талаптарына сәйкес.
8. Сатып алу туралы шарт жобасы Тауардың маңызды талаптары және сипаттамасы көрсетіліп қоса беріледі.
1) Әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтер мен құжаттардан тұратын әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) бекітілген тек бір баға ұсынысын бере алады:
• әлеуетті жеткізушінің атауы;
• Жеткізілетін Тауардың атауы, сипаттамасы және саны;
• Шыққан елі мен өндіруші зауыт (жұмыстарды, қызметтерді сатып алған кезде толтырылмайды);
• Тауар жеткізуге байланысты шығыстары енген Тауардың бірлік бағасы мен жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші қатысу үшін баға ұсыныстарын берген тауарды сатып алу атауы.
• Әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын өз қолымен бергенде, әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқына берілген әлеуетті жеткізушінің мүдделерін қорғайтын тұлғаларына жеке басын куәландыратын құжат көшірмесімен сенімхатты беруге тиіс.
Баға ұсыныстарын пошта арқылы жібергенде, конверттің беткі жағында қосымша ескертпе болуы тиіс: «2018 жылғы «09» қараша 11 сағат 00 минутқа дейін ашылмасын». Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттенеді:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.

Получить документацию

Comments are closed.