Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, электронды мекенжайы – [email protected]
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98: тел.: 259-94-11, электронды мекенжайы – [email protected].
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен шамдарды демеркуризациялау бойынша қызметті сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарландырады.
Қызметтің атауы және қысқаша сипаттамасы:
Лот № | Қызмет атауы | Қызметтің сипаттамасы | Өлшем бірлігі | Саны | ҚҚС есептемегендегі сатып алуға бекітілген жалпы сома |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Шамдарды демеркуризациялау |
Жетісу ауданы:
«Жетісу» пайдалану учаскесі, Ермак көш., 24. |
Қызмет | 1 | 3250,00 |
2 |
Шамдарды демеркуризациялау
|
Бостандық ауданы:
«Көктем» пайдалану учаскесі, Көктем – 3, 21-үй. |
Қызмет | 1 | 115 625,0 |
3 |
Шамдарды демеркуризациялау
|
Алмалы ауданы,
«Алмалы» пайдалану учаскесі, Әйтеке би көш., 67. |
Қызмет | 1 | 40 625,0 |
4 |
Шамдарды демеркуризациялау
|
Алмалы ауданы,
«Орталық» пайдалану учаскесі, Панфилов көш., 98. |
Қызмет | 1 | 14 312,5 |
5 |
Шамдарды демеркуризациялау
|
Медеу ауданы:
«Алмалы» пайдалану учаскесі, Қонаев көшесі, 181. |
Қызмет | 1 | 9 375,0 |
6 |
Шамдарды демеркуризациялау
|
Бостандық ауданы, «Тенгиз» пайдалану учаскесі, Сәтпаев көш., 30а. | Қызмет | 1 | 937,5 |
Сатып алуға бөлінген жалпы сома – ҚҚС есептемегенде 184 125,00 теңге.
Қызмет көрсету мерзімі және ақы төлеу тәртібі Шарт талаптарына сәйкес.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын жеткізетін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, №401 бөлме.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді беру күні мен уақыты:
2015 жылғы «08» желтоқсанда сағат 09:00-ден бастап 2015 жылғы «15» желтоқсанда сағат 09:30-ға дейін
Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты:
2015 жылғы «15» желтоқсанда сағат 10:00-де.
Сатып алу туралы шарт жобасы мен қосымша ақпарат қоса жіберіледі.
1) Әр әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтерді құрайтын, тек бір баға ұсынысын бере алады:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжат) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• көрсетілетін қызмет атауы;
• Қызмет көрсету орны мен мерзімі;
• ҚҚС сомасын есептемегендегіқызмет бірлігі үшін бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық мекенжайы
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын беруге қатысу үшін тауарлар, жұмыстар, қызметтерді сатып алу атауы.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттеледі:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
•
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.